AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Келешек мектептері – мүмкіндіктер мекені»

«Келешек мектептері – мүмкіндіктер мекені»

Білім және ғылым 28.08.2025, 18:32 894 Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылы 3 жайлы мектеп директоры Маматова Анар
«Келешек мектептері – мүмкіндіктер мекені»
Алматы әкімдігі

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы қарқынды түрде іске асырылуда. «Келешек мектептері» жобасының жүйелік шешімі -  апатты және үш ауысымды  мектептерді және қала мен ауыл арасындағы білім алшақтығын жою.

​Аталмыш ұлттық жоба аясында жыл соңына дейін берілетін 100 жайлы мектептің бірі Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі, Мұхамеджан Түймебаев ауылында №3 орта мектепте бір ауысымда 900 оқушы білім ала алады. Жаңа ғимарат білім есігін 2025 жылдың 01 қыркүйек күні ашады.​

Бұл білім ордасында оқушы қажеттіліктеріне толық бағдарланған ыңғайлы және эргономикалық орта құру. Мұндай білім ошақтарында заманауи бейнебақылау және мектепке кіріп-шығуды қадағалау жүйелерін орнату арқылы балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған блоктардың бөлек болуы қауіпсіз әрі жайлы ортаны қамтамасыз етеді.

Кедергісіз орта құру мақсатында пандустар, жеделсатылар, ерекше қажеттіліктері бар балалар еркін қозғала алатындай арнайы санитарлық бөлмелер қарастырылған. Ресурстық кабинеттер және мамандандырылған сыныптар бар.

Аталған жоба аясында салынған мектепбұрынғы типтік мектептерден едәуір ерекшеленеді. Жалпы аумағы 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Бұл мектепте робототехника кабинеті, STEM-зертхана, хореография залы, коворкинг аймақтары мен төрт спорт залға дейін қарастырылған.

Келешек мектептері – бұл жай ғана мектеп ғимараттары емес, бұл – болашаққа жасалған берік инвестиция. Білім – ұлттың іргетасы, ал бұл мектептер сол іргетасты нығайтатын басты тірек болмақ.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Кеше 18:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);