AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Келер жылы Алматыда 320 мың ағаш отырғызу жоспарла...

Келер жылы Алматыда 320 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр

Әлеумет 09.12.2022, 06:03 815
Келер жылы Алматыда 320 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр
Сурет: Rus.team

13 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды аяқтауға 340 млн теңге қарастырылған.


2023 жылы Алматыда 8 парк аймағын құру және реконструкциялау жоспарлануда. Көкалдандыру шараларына 2023 жылғы бюджет жобасында 6,8 млрд теңге көзделген. Бұл туралы шаһар жетекшісі Ерболат Досаев Алматының қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасын қарау барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ерболат Досаевтың айтуынша,келесі жылы 13 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды аяқтауға 340 млн теңге қарастырылған, оның ішінде – Баум тоғайы, Тұңғыш Президент паркі, Сайран көлі, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендері, Д.А. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы, Алатау ауданындағы жаңа «Сосновый бор» паркі , сондай-ақ Атакент аумағын қайта жаңарту жобалары бар.



«Биыл жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша, су басатын 102 учаске анықталды, оның ішінде осы жылы 56 учаскеде су тасқынын жою жұмыстары аяқталады. 2023 жылы қалған 46 учаскеде су басу қаупін жою үшін, сондай-ақ 305,4 км арық желісі мен нөсер канализациясын реконструкциялап, әрі қарай салу үшін 2023 жылғы бюджет жобасында 4 млрд теңге көзделген», - деді қала басшысы.



Әкімнің айтуынша, ауаның ластану көздерін анықтау, автоматты мониторинг жүйесін енгізу экологиялық мониторинг жүйесіне қосымша 500 датчикті қосып, қаланың ластану дәрежесін дәл бақылауға мүмкіндік береді. 2023 жылғы бюджетте 1 млрд теңге жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ағаш #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Кеше 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кеше 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Кеше 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Кеше 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Кеше 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика