Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Кейбір пәндерді қашықтан өткізуге рұқсат беріледі

Кейбір пәндерді қашықтан өткізуге рұқсат беріледі

Білім және ғылым 27.08.2021, 15:52 1,830
Кейбір пәндерді қашықтан өткізуге рұқсат беріледі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Негізгі пәндер штаттық форматта оқытылады.


Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



 «Жаңа оқу жылын қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, штаттық форматта бастау жоспарлануда. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдар штаттық жұмыс режиміне оралды. Осы оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп шамамен 3,6 млн оқушыны, оның ішінде 380 мыңға жуық бірінші сынып оқушысын қабылдайды. Штаттық режимде оқуды бастау үшін Білім және ғылым министрлігі мектептер жүктемесіне үлкен талдау жүргізді. Ұлттық білім беру деректер қорының деректері бойынша мектептердің 95 пайызының жобалық қуаты мен оқушылар саны барлық санитариялық талаптарды сақтай отырып, оқуды толық штаттық форматта бастауға мүмкіндік береді. Мұндай мектептерде оқушылардың 81 пайызы білім алады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.



 Сонымен қатар вице-министрдің атап өтуінше, мектептерге кейбір пәндерді қашықтық форматта өткізуге рұқсат беріледі.



 «Оқушы орындарының тапшылығы, 3 ауысымдылығы бар 300-ден аса мектеп бар. Бұл жалпы мектептердің 5 пайызын құрайды. Мұндай мектептерде оқушылардың 19 пайызы білім алады деп жоспарланып отыр. Осы мектептер қосымша іс-шаралар арқылы, оның ішінде кейбір пәндерді қашықтан оқыта отырып, оқу икемді кесте бойынша штаттық түрде жүргізіледі. Ауысымдар мен кіші ауысымдар ұйымдастырылады. Негізгі пәндер бұл мектептерде штаттық форматта оқытылады. Бүгінгі күні бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы қабылданды. Байланыста болған балалар үшін оқшаулау кезеңіне синхронды қашықтан оқыту ұйымдастырылады. Ата-аналардың өтініштері негізінде созылмалы науқастары бар балаларға медициналық ұйым анықтамалары негізінде қашықтан оқыту ұсынылады. Бұл оқушылар оқулықтармен, оқыту контенті бар ақпараттық жүйемен, электрондық журналмен қамтылады. Жиынтық бақылау жұмыстарын олар мектепте тапсырады. Сабақтардың ұзақтығы 45 минутты құрайды», - деді Шолпан Каринова.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #білім #қашықтан #оқу #пән
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика