AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Кейбір дәрі-дәрмектер 100 пайызға қымбаттайды

Кейбір дәрі-дәрмектер 100 пайызға қымбаттайды

Медицина 06.11.2023, 05:37 1,734
Кейбір дәрі-дәрмектер 100 пайызға қымбаттайды
Сурет: ашық дереккөз

Елімізде йод, корвалол, меновазин, бриллиант жасылы мен валериана сығындысы қымбаттауы мүмкін.


Өйткені жаңа жылдан бастап осы дәрі-дәрмектің құрамына кіретін этил спиртіне акциз салығы салынады. Бұл туралы аlmaty-akshamy.kz хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап.


"Атамекен" ҰКП Медициналық қызмет департаментінің басқарушы директоры Назгүл Қабдырахманованың болжауынша, қазір тиын-тебен тұратын бұл препараттардың бағасы 30, тіпті 100 пайызға өседі.


25 миллилитр құтысы 100-200 теңге аралығында сатылатын йод, сол аралықта тұратын корвалол тамшылары енді екі есе қымбаттап шыға келуі мүмкін. Өйткені медициналық таза спирттің литріне салынатын акциз көлемі 600 теңге, спирт тұнбасына 2 жарым мың теңге. Ал біздің нарықта Ресей мен Беларусьта өндірілген дәл осы дәрілер әлдеқайда арзанырақ. Өйткені бұл мемлекеттерде нақты осы препараттарға акциз салығы жоқ екен. Сондықтан тұтынушы әлбетте бәсекелестер шығарған қолжетімдісін таңдайтынын айтады. Сондықтан отандық фармацевттер өндіріс көлемін азайтып, жұмыс орындарын да қысқартуына тура келеді дейді.



"Дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді өндіруде қолданылатын этил спиртіне акциз салынады. Акциз салу, құрамында алкоголь пайдаланылатын өнім бағасының қатты өсуіне әкеп соғады. Бүгінде осындай 130-ға жуық тауар бар. Отандық өнімдер өндірісте қолданылатын алкоголь мөлшеріне байланысты 30-дан 100 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін", - дейді Назгүл Қабдырахманова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрі-дәрмек #қымбаттау #денсаулық #нарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда инсультпен күрестің жаһандық стратегиялары бойынша халықаралық конференция өтті

Бүгін 12:05

Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

Бүгін 11:35

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты № 2, 5, 10, 20 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының хабарламасы

Бүгін 11:23

ЖОЛДАУ: білім, ғылым және инновация – денсаулық саласын дамытудың негізі

Бүгін 11:15

Алматылық дәрігер ChatGPT-мен «емделудің» қауіпті екенін айтты

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);