AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Кедергісіз сайлау: мүмкіндігі шектеулі алматылықта...

Кедергісіз сайлау: мүмкіндігі шектеулі алматылықтар үшін барлық жағдай жасалған

Сайлау-2023 19.03.2023, 17:40 1,057 Almaty-akshamy.kz. 
Кедергісіз сайлау: мүмкіндігі шектеулі алматылықтар үшін барлық жағдай жасалған
Сурет: Сайлау 2023

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді орта қаланың барлық сайлау учаскелерінде ұйымдастырылған. Белгілі бір учаскелерде мүгедек адамдардың дауыс беруіне арналған арнайы кабиналар бар. Олар кәдімгі кабиналарға қарағанда кеңірек,-деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 



«Кабиналар кеңірек болумен қатар, олар басқалар сияқты бос орынсыз. Ішінде үстел шамы, үлкейту әйнегі, трафареттер, құлаққаптар және сізге қажет нәрсенің бәрі бар. Участокке жақындаған кезде арнайы жолдар да жасалды. Бұдан басқа, сайлау комиссиясының мүшелерімен алдын ала бір немесе басқа адамға қалай көмек көрсету, бюллетеньдер бойынша қажетті ақпаратты қалай түсіндіру керектігі туралы нұсқаулық өткізілді», - деп хабарлады №91 учаскелік комиссияның төрағасы Ғазиза Аманбай.




Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды «Инватакси» сайлау  учаскелеріне жеткізеді. Сайлау күні олардың қажеттіліктеріне сәйкес қаланың барлық аудандарына бөлінген 100 бірлігі жұмыс істейді. 



«Мен сайлау учаскелерінің мүгедектерге қаншалықты қолжетімді екенін көру үшін сайлауға өзім келуді шештім. Сайлау учаскесі орналасқан №72 мектепте ҚНжЕ сәйкес келетін тактильді жол, пандустар бар екенін көрдім. Дауыс беру кабинасында болған кезде мен Брайль шрифтімен жазылғанын байқадым. Яғни, зағиптарға барлығы қолжетімді. Енді біз өзімізді кемтар ретінде сезінбейміз. Өйткені біз сайлауға басқалар сияқты келіп, өз дауысымызды бере аламыз, өз ұстанымымызды көрсете аламыз. Бұл инклюзия»,-деп бөлісті мүгедектер арбасына таңылған Меруерт Құлахметова. 



Сонымен қатар, Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау үшін қаланың медициналық-әлеуметтік мекемелерінен 10 автокөлік құралының кезекшілігі ұйымдастырылды. Тасымалданбайтын сайлаушылар үшін 1196 портативті урна тартылды, соның арқасында олар үйде дауыс бере алды. Есту қабілеті нашар азаматтарға жестеу тілі мамандары, сурдологиялық аударма қызметтерін көрсету көзделген. Осындай қызметтерге жалпы саны 110 адам тартылған. Олардың кейбіреулері сайлау учаскелерінде жұмыс істесе, енді біреулері сайлаушылармен қашықтан видео арқылы байланысады. Алматыда сайлау құқығына ие ерекше қажеттіліктері бар 39 570 адам тұрады. Қалалық ТИК мәліметтері бойынша, 8 445 сайлаушы үшін дауыс берудің ерекше шарттары қажет. Оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын 1 097 адам, 2 218 адамның есту қабілеті нашар, көзі нашар көретін 5 130 адам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кедергісіз #мүгедектер #жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);