AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Kazakh Tourism және Яндекс Қазақстан туризм салас...

Kazakh Tourism және Яндекс Қазақстан туризм саласындағы ұзақ мерзімді серіктестік орнатпақ

Әлеумет 30.01.2024, 04:44 1,179 Almaty-akshamy.kz. 
Kazakh Tourism және  Яндекс Қазақстан туризм саласындағы ұзақ мерзімді серіктестік орнатпақ
Сурет: ашық дереккөз

Kazakh Tourism және Яндекс Қазақстан туризмді дамыту мақсатында ұзақ мерзімді серіктестік орнату туралы уағдаласты.


Ынтымақтастықтың бірінші кезеңі шеңберінде Яндекс Карталарында Kazakh Tourism Алматы және Астана қалаларының тұрғындары мен қонақтарына баруды ұсынатын 18 эксклюзивті орындар топтамасы пайда болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



«Қазақстанның цифрлық платформаларға қатысуын арттыру – ұлттық компанияның басты міндеттерінің бірі. Сондықтантехнологиялық компаниямен стратегиялық серіктестік және Қазақстанның танымал жерлері туралы ақпаратты ең танымал картографиялық сервистердің бірінде орналастыру орынды және өзекті болып табылады», – деп ҚР Туризм және спорт вице-министрі Е. Еркінбаев атап өтті.



Әр топтама белгілі бір тақырыпқа бағытталған, мысалы: дәстүрлі мейрамханалар, таңғы ас ұсынатын кафелер, панорамалық көріністері бар орындар, достармен кездесуге арналған орындар, жергілікті брендтер дүкендері және түнгі өмір шоғырланған локациялар. Топтамалар Almaty Tourism Bureau және Visit Astana деректеріне негізделген және қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қолжетімді. Топтамалар тізімі жыл бойы толықтырылады. Оларды көру үшін «Яндекс Карты» қосымшасына кіріп, іздеу жолағын басып, «Топтамалар» санатын ашсаңыз болғаны. Қосымшадағы әр орынға дейін жаяу, көлікпен немесе қоғамдық көлікпен жетуге болатын бағдар құруға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Kazakh Tourism #Яндекс Қазақстан #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика