AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Каспий құбыр консорциумындағы" жөндеу жұмыстары т...

"Каспий құбыр консорциумындағы" жөндеу жұмыстары толық аяқталды

Әлеумет 27.05.2022, 05:52 1,451
"Каспий құбыр консорциумындағы" жөндеу жұмыстары толық аяқталды
Сурет: Neftegaz.ru

Айлақтың барлық құрылғылары жұмыс істеп тұр.


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ бас директоры Николай Горбань қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.


Кездесу барысында аталып өткендей, қазіргі кезде мұнай құбырының өткізу қабілетіне қойылған шектеулер алынып тасталды және қазақстандық жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау толық көлемде қалпына келтірілді. Айлақтың барлық құрылғылары жұмыс істеп тұр.



«КҚК теңіз терминалында зақымдалған жылжымалы айлақ құрылғыларын жөндеу жұмыстары аяқталғанына қуаныштымыз. Бұл шектеулерді алып тастауға және Қазақстанда мұнай өндіруді толық көлемде қалпына келтіруге мүмкіндік берді», - деді ҚР Премьер-Министрі.



Әлихан Смайылов «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасы аяқталғаннан кейін қосымша мұнай көлемін тасымалдау үшін КҚК құбыр жүйесінің осал жерлерін жою жобасын уақытылы іске асырудың маңыздылығына тоқталды.



«КҚК мұнай құбырын одан әрі апатсыз және үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл үшін барлық қажетті шараларды қабылдау керек деп санаймын», - деді Қазақстан Үкіметінің басшысы.



КҚК мұнай құбыры «Теңіз», «Қарашығанақ» және «Қашаған» ірі кен орындарынан мұнай экспорттаудың ең төте жолын және неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларды қамтамасыз етеді. 2021 жылы Қазақстаннан құбыр арқылы 53,1 млн тонна мұнай, 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында 18,7 млн тонна мұнай тасымалданды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#КҚК #Қазақстан #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдеріндегі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау

Бүгін 11:35

Алматының ТЖД жазда балаларды бақылап отыруға шақырды

Бүгін 11:32

«Ұлттық қор – балаларға»: болашақ ұрпақтың қаржылық іргетасы

Бүгін 11:19

Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады

Бүгін 10:55

Алматы әлемнің танымал тревел-блогерлерін қызықтырып отыр

Бүгін 10:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);