AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Кәсіпкерлер Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ауылғ...

Кәсіпкерлер Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ауылға спорт мектебін салып берді

Спорт 30.10.2021, 14:09 1,472 Almaty-akshamy
Кәсіпкерлер Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ауылға спорт мектебін салып берді
Cурет: Алматы облысы әкімдігі


Бұған дейін жас спортшылар ауылдағы ескі мешітінің ішінде жаттығып келген


Алматы облысы Панфилов ауданы Тұрпан ауылында 80 балаға арналған спорт мектебі ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Спорттық нысанның ашылуына Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, Ардақ Назаров сынды белгілі спортшылар қатысты.



Ауылдың кәсіпкер азаматтары салған мектепте күрес түрлері мен ережесіз жекпе-жек түрі бойынша жаттығу жүргізіледі. 500 шаршы метр аумақты алып жатқан спорттық мектепте бұдан бөлек футбол және балалар ойнайтын алаңдар салынған. Спорттық ғимаратпен қоса ауылды көркейтуге  азаматтар 100 млн теңгеден аса қаржы бөлген.


Бұған дейін жас спортшылар ауылдағы ескі мешітінің ішінде жаттығып келген болатын.



«Осындай жаңа спорт залды көп күттік. Ауылымыздағы ағаларымызға рахмет. Барлық жағдайымызды жасап берді. Енді біз барынша жаттығып, ауылымыздың, еліміздің намысын қорғаймыз»,- деді жас спортшы Айып Әділжан.




Сонымен қатар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында осы азаматтар ауыл жанына 30 метрлік үлкен Ту тұғыр орнатты.  Игі іске бастама болған кәсіпкер Жалғас Алтынбек бұның барлығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тарту дейді.



«Ауылымызға спорт мектебін салу көптен ойда жүр еді. Өйткені іні, бауырларымыз ескі ғимаратта жаттықты. Бүгін міне мектепті пайдалануға бердік. Қолдаған барша жігіт,  ауыл тұрғындарына алғысымды білдіремін. Бұған қоса Ту тұғыр орнаттық. Әлі де ауылға бұдан ары қолдау көрсете береміз»,- деді кәсіпкер. 




Қазіргі сәтте спорт мектебін құжаттандыру жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта жаттықтырушыларға арнайы штат бөлінетін болады. Сондай-ақ, аталған күрес мектебіне көрші ауылдың балалары да келіп жаттығуына мүмкіндік  қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Спот кешені #ауыл #кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Кеше 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);