Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Жылды табысты түйіндеді

Жылды табысты түйіндеді

Өмір-өзен 28.12.2021, 09:04 1,429
Жылды табысты түйіндеді
Сурет: Weheartit.com

Алматыда мемлекеттік және аймақтық несиелеу бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде бір жылға межеленген 3440 адамның орнына 3688 жаңа жұмыс орны (107,2%) ашылды. Бұл – жыл қорытындысы үшін үлкен жетістік.


2021 жылға арналған несиелеу бағдарламаларының бюджеті 47,3 млрд. теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 49%-ға артық (2020 ж. – 31,8 млрд. теңге.), оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты – 28,9 млрд. теңге, республикалық бюджет қаражаты 18,4 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің 58%-ы субсидиялау және кепілдік беру құралдарына, ал 42%-ы несие беруге тура келді. Бизнесті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламалары аясында жалпы несие сомасы 278,4 млрд. теңгені құрайтын 3 212 жоба қаржыландырылды.



«Жалпы, қала бизнесі мемлекеттік қолдаудың барлық шарасын белсенді қолданады. Мәселен, егер 2018-2019 жылдары негізінен ірі және орта кәсіпорындар қаржыландырылған болса, енді өткен жылдан бастап БЖК-ның микро және шағын бизнесті қолдау, сондай-ақ бағдарламаларға өзгерістер енгізу бойынша бірінші бағытын енгізудің арқасында микро және шағын бизнесті қаржыландыру бойынша белсенді өсім байқалады. Санаттар бойынша биыл барлық жобаның жартысынан астамын шағын бизнес құрайды (56%). Салалар бөлінісінде негізгі үлес өнеркәсіпке (35%) және көлікке (13,1%) тиесілі. Аудандар бойынша қаржыландырылған жобалардың ең көбі мегаполистің Әуезов (17%), Алмалы (16,7%), Бостандық (14,5%) және Алатау (14,2%) аудандарында тіркелді», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов.



«БЖК– 2025» бағдарламасына биыл 184,6 млрд. теңге несие сомасына 2 815 жоба қаржыландырылды, игерілуі 100%-ды құрайды. Оның ішінде 231 жобаға бөлінген қайтарымсыз инновациялық гранттың жалпы сомасы 690 млн. теңге. «БЖК – 2025» бойынша жобалардың ең көп саны келесі салаларда қаржыландырылды: көлік және қоймалау – 19,1%, сауда және қызметтер – 18,9%, ал өнеркәсіп – 14,3%.


Мемлекеттік бағдарламалар аясында: «Қарапайым заттар экономикасы» – 41,7 млрд. теңге несие сомасына 28 жоба, «АӨК» – 36,2 млрд. теңге сомасына 15 жоба, «Еңбек» – 1,5 млрд. теңгеге 102 жоба қаржыландырылды. Өңірлік бағдарламалар аясында: «Almaty Business» бойынша – 8,9 млрд. теңгеге 119 жоба, «Almaty Business – 2025» бойынша 5,5 млрд. теңгеге 133 жоба қаржыландырылған.


Қала шетінде өркендеп келе жатқан бизнесті қолдау да маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бағдарлама іскерлік белсенділігі төмен аудандарда кеңірек таныла бастады, оған қаланың 5 ауданы (Алатау, Әуезов, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб) кіреді. Бүгінде аталған аудандарда 3,3 млрд. теңгеден астам сомаға 74 жоба қаржыландырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жыл #табыс #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика