конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жыл соңына дейін мектепке дейінгі ұйымдарда 77 мың...

Жыл соңына дейін мектепке дейінгі ұйымдарда 77 мыңнан астам жаңа орын ашылады

Білім және ғылым 09.04.2024, 09:16 1,337
Жыл соңына дейін мектепке дейінгі ұйымдарда 77 мыңнан астам жаңа орын ашылады
Сурет: Ortcom.kz

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың қадамдық жоспары әзірленіп, бекітілді.


Биылдың өзінде балабақшаларда 77 мыңнан астам орын ашылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 


ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаменті директорының айтуынша, 2024 жылдың үш айында 8849 орынға арналған 125 мектепке дейінгі ұйым ашылды.



«Жаңа орындар ашу - мектепке дейінгі ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептер жанындағы, тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарындағы шағын орталықтар желісін кеңейту, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы көзделуде. Соңғы бес жылда балабақшаға жолдама алудың кезектілігі екі есеге төмендетілді. Бүгінгі таңда 2-6 жастағы балаларды қамту 91% құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 92,5%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Манар Адамова.


Сонымен қатар балабақшаларда орындарды бөлу процесінің ашықтығы үшін кезектілікті есепке алудың бірыңғай базасы құрылды. Өтінішті электрондық үкімет порталы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары және жергілікті атқарушы органдардың платформалары арқылы беру сияқты бірнеше тәсілдермен жүзеге асыру мүмкіндіктері іске қосылды. Қазір жоба еліміздің төрт өңірінде жүргізілуде.


Жалпы елімізде 11 472 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, онда 1 миллионға жуық бала қамтылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектепке дейінгі ұйымдар #балалар #жаңа орын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бүгін 09:05

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Кеше 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Кеше 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Кеше 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Кеше 18:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);