AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл соңына дейін 10 негізгі мемлекеттік қызмет "он...

Жыл соңына дейін 10 негізгі мемлекеттік қызмет "онлайнға" көшеді

Әлеумет 18.07.2025, 14:07 617 dulatbekova
Жыл соңына дейін 10 негізгі мемлекеттік қызмет "онлайнға" көшеді
«Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) келетін азаматтардың 80%-ға жуығы он негізгі қызмет түрі бойынша келеді. Олардың барлығы жыл соңына дейін онлайн режимге көшіріледі.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлім етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ведомство мәліметінше, бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтары 1250-ге жуық мемлекеттік қызмет көрсетеді. Алайда, талдау нәтижесі негізгі жүктеме танымал сұраныстардың шектеулі тізіміне ғана түсетінін көрсетті.

— Азаматтардың өтініштерін талдау қызық жайтты көрсетті: азаматтардың жалпы ағынының 79 пайызы небәрі он қызмет бойынша келеді. Яғни, тек он қызмет офлайн форматта негізгі ағынды жасайды. Мұның екі себебі бар: кейбір қызмет цифрландырылған, бірақ ыңғайлы емес және бұл процесті жеңілдету қажет, — деп атап өтті Коняшкин.

Оның айтуынша, бұрын-соңды онлайн форматта көрсетілмеген, енді цифрландырылатын қызметтер бар.

— Осы он қызметтің барлығын жыл соңына дейін толық онлайн форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз. Жақында ғана жеке куәлікті қайта ресімдеу қызметі іске қосылды. Бұл ең маңызды сәттердің бірі шығар. Негізгі қызметтер құжаттама жолында. Пилоттық сынақтың нәтижесі бойынша, егер ол сәтті болса, одан әрі қолға алып, төлқұжаттарды қайта шығаруды бастаймыз, — деді вице-министр.

Ол басқа да негізгі қызметтердің қатарында жүргізуші куәлігін бастапқы алу, тіркеу қызметтері, шетел азаматтарына рұқсат алу, жылжымайтын мүлік және жер қызметтерін атап өтті.

Электронды цифрлық қолтаңбаны алу қызметтері толығымен онлайн форматқа ауыстырылады, өйткені азаматтардың 10%-дан азы оны оффлайн режимде алады.

— Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бұл қызметті толығымен жабуды жоспарлап отырмыз. Азамат ХҚО-ға келсе де, оны компьютерге апарып, EGOV ашады немесе EGOV Mobile жүктеп алып, электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн режимде алуға көмектеседі, — деді вице-министр.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #мемлекеттік қызмет #онлайнға көшу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Бүгін 19:27

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

Бүгін 19:25

Жасанды интеллект педагогті қолдайтын құралы ретінде

Бүгін 19:21

Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын енгізу

Бүгін 19:19

Шағын жинақты ауыл мектептеріне ерекше назар

Бүгін 19:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);