конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағ...

Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 

Әлеумет 23.12.2024, 09:02 1,267
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы сәуір айынан бастап республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Іс-шара еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Акция еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады.

Осы жылдың наурыз-қараша айлары аралығында ұйымдастырылған акция 5,83 млн-нан астам адамның басын біріктірді, бұл – ел халқының едәуір бөлігін құрайды. Іс-шаралар аясында жаппай сенбіліктер өткізілді, олардың барысында 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жиналып, 1,6 млн-нан астам ағаш отырғызылды. Мемлекеттік құрылымдар деңгейінде де, еріктілер мен жеке ұйымдарды қоса алғанда, жұртшылық арасында да белсенді түрде жұмыс жүргізілді. 

Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерімен және ауаның ластануымен күрес 

«Таза Қазақстан» акциясы аясында заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау бойынша рейдтер жүргізілді. Аумақтық экология департаменттерімен және жергілікті билік органдарымен бірлесіп көптеген қоқыс орны жойылды. 

«Таза ауа» рейдтері барысында 482 автокөлік тексеріліп, экологиялық стандарттарды бұзудың 105 фактісі анықталды. 96 жүргізушіге айыппұл мен ескерту түріндегі әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды. Бұл шаралар экологиялық нормаларды сақтаудың маңызды екенін көрсетеді, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттырды. 

Экологияны цифрлық қолдау 

Жобаның ерекше жетістігі – азаматтарға экология саласындағы проблемалар туралы хабарлауға және оларды шешуге қатысуға мүмкіндік беретін @TazaQazBot цифрлық платформасының құрылуы болды.

Осылайша, бір жыл ішінде чат-бот арқылы 7 929 өтінім келіп түсті. Олардың ішінде 7 061 өтінім орындалды, 168-і орындалу сатысында, 23-і өңделуде және 674 өтінім жойылды. 

Олардың арасында ең жиі келіп түскен өтінімдер: аумақтарды тазалау – 2 142 өтінім, тұрмыстық қоқысты шығару – 668 өтінім, көшелерді абаттандыру – 648 өтінім, жолдарды жөндеу бойынша – 595 өтінім. 

Өңірлер арасында Алматы көш бастап тұр – 2 014 өтінім. Одан кейінгі орында Астана тұр – 1 587 өтінім. Үшінші орында Қарағанды облысы – 757 өтінім. 

Чат-бот экологиялық мәселелерді жедел шешуге ықпал ете отырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогтың тиімді құралына айналды. 

Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы 

Қол жеткізілген нәтижелерді нығайту және экологиялық сананы ұзақмерзімді перспективада қалыптастыру мақсатында «Халықтың экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Бұл құжат экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды. 

Тұжырымдаманың басымдықтарының бірі – жастарды экологиялық жобаларға тарту болды. Жыл бойы лекциялар, эко-сағаттар және экологиялық зертханаларға экскурсиялар ұйымдастырылды. Осылайша, биыл 90 мыңнан астам ерікті азамат абаттандыру және көгалдандыру акцияларына қатысты. 

Халықтың экологиялық сауатын арттыру мақсатында қалдықтарды қайта өңдеу, ластану деңгейіне мониторинг жүргізу тақырыптарын жария ету, абаттандыру және эковолонтерлікті дамыту жөнінде конкурстар өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ Тұжырымдаманың негізгі бағыты – азаматтардың белсенді қатысуына жағдай жасау. Өз тиімділігін дәлелдеген @TazaQazBot секілді цифрлы платформаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Одан бөлек, экологиялық нормалардың сақталуына және экологиялық стандарттардың енгізілуіне бақылау күшейтілуде. 

Сонымен қатар келесі жылы тұрақты экологиялық басқару жүйесін құру үшін тұрақтандыру қорларының жұмысын күшейту көзделген. Аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру бойынша ауқымды республикалық акциялар өткізу жоспарланған. 

Бұған қоса, шығарындылар көлемін азайту және экологиялық стандарттарды бақылау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтіледі. Цифрлы технологиялар мен медиа ресурстарды қоса алғанда, халыққа экологиялық білім беру бағдарламаларын дамыту көзделген. 

«Таза Қазақстан» бастамасы аумақтарды тазалаудан әлдеқайда ауқымды міндеттерді қамтиды. Бұл – азаматтардың, бизнестің, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіретін, экологиялық тұрғыдан саналы өмір салтын насихаттайтын қозғалыс.

Кешенді шаралар мен инновациялық технологияларды енгізудің арқасында Қазақстан экологиялық саулыққа, орнықты дамуға және болашақ ұрпақ үшін қолайлы орта құруға маңызды қадамдар жасап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Қазақстан #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған AITK Fest 2026 жастар фестивалі өтеді

Бүгін 10:37

Елімізде жеке кәсіпкерлік ашқандар үшін жаңа тәртіп енгізілді

Бүгін 10:13

Алматы облысында спорт катерін шығаратын зауыт пен пилоттарды дайындайтын академия ашылады

Бүгін 09:53

Алматының Алатау ауданында 2026 жылы төрт мектеп ашылып, ірі инфрақұрылымдық жобалар аяқталады

Бүгін 09:35

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);