AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жыл өткен сайын азық-түлік бағасы қымбаттай береті...

Жыл өткен сайын азық-түлік бағасы қымбаттай беретін болды

Әлем 25.03.2024, 06:17 1,136
Жыл өткен сайын азық-түлік бағасы қымбаттай беретін болды
Сурет: Rg.ru







Климат дағдарысы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді.


Адамзат жиі тұтынатын кей азық түрлері жоғалады немесе қат дүниеге айналады (мәселен, тағам қоспасы ретінде қолданылатын шафран, кофе, т.б.). Бұдан бөлек, күллі әлем бойынша азық-түліктің бағасы айтарлықтай көтеріледі. Жаһандық жылыну мен аптап ыстыққа, құрғақшылыққа, тасқын-селге, т.б. байланысты. Потсдамдағы климат өзгерісін зерттеу институтының ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жаһандық жылынуға байланысты төтенше ауа райынан ауыл шаруашылығы көп зардап шегеді. Салдарынан инфляция тереңдейді. 2022 жылдың жаз мезгіліндегі аптап ыстықтан инфляция әлемде 0,43-0,93 пайызға өскен. 2035 жылға қарай, сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш кем дегенде 30 пайызға жетеді. Тағы бір сценарий бойынша азық-түлік инфляциясы 50 пайызға дейін өспек. Азық-түлік бағасының өсу тенденциясы тек экономикасы кері кеткен елдерде ғана емес, сонымен қатар, табысы жоғары дамыған елдерде де сақтала бермек. Әсіресе, Африка құрлығындағы және Латын Америкасында ауа температурасының көп көтерілуінен азық-түлік өзге аймақтарға қарағанда қымбатырақ болмақ.




















Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #баға #қымбаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Кеше 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Кеше 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Кеше 18:50

Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды

Кеше 18:47

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика