AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Жыл басынан бері теміржол арқылы экспорт көлемі 6...

Жыл басынан бері теміржол арқылы экспорт көлемі 6 пайызға өсті

Нарық 03.05.2022, 06:46 1,914
Жыл басынан бері теміржол арқылы экспорт көлемі 6 пайызға өсті
Сурет: Seanews.ru

Жүк тасымалдарының жалпы көлемінде экспорт 35%-дан асады.


Биылғы бірінші тоқсанда «Қазақстан темір жолы» компаниясы желісімен жүктерді экспортқа тасымалдау 22,9 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ведомствоның мәліметіне қарағанда, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 6%-ға көп. Жүк тасымалдарының жалпы көлемінде экспорт 35%-дан асады.



«Экспорт сегментінде тас көмір басты орынға ие. 2022 жылдың бірінші тоқсанында 8,9 млн тонна қатты отын шетелге жөнелтілсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға жоғары. Астық экспорты 30%-ға, яғни 2,2 млн тоннаға дейін өсті», - деп жазды «ҚТЖ» баспасөз қызметі.



Теміржол арқылы экспортқа жөнелтілетін мұнай өнімдерінің көлемі 1,1 млн тоннаны, қара металдар 1,2 млн тоннаны, темір кені 3 млн тоннаны құрады.



«Қазақстандық өнімнің ірі импорттаушылары – Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері. Атап айтқанда, қазақстандық көмір Ресейге, Өзбекстанға, Үндістанға, Грузияға, Швейцарияға, Польшаға, Кипрге, Түркияға және басқа да елдерге жеткізіледі. Ал астық Өзбекстан, Иран, Ауғанстан, ҚХР, Тәжікстан, Түркия, Бельгия, Италия, Ұлыбритания және т.б. мемлекеттерге экспортталады», - делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#экспорт #Қазақстан #темір жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Бүгін 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Бүгін 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Бүгін 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);