конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жыл басынан бері елімізде 77 мектеп ашылды

Жыл басынан бері елімізде 77 мектеп ашылды

Білім және ғылым 31.10.2023, 06:07 1,379
Жыл басынан бері елімізде 77 мектеп ашылды
Сурет: Gov.kz

Үш ауысымдық, апатты мектептердің мәселелерін жүйелі шешу мақсатында мемлекет жаңа мектептерді пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде.


Биылғы жылдың 1 қазанына дейін елімізде 78,5 мың орындық 77 мектеп ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Осы жылдың соңына дейін түрлі қаржы көздері есебінен 132 мың орынға арналған 154 мектепті, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін шешеді. Жаңа мектептердің басым бөлігі Түркістан облысында – 16, Батыс Қазақстан облысында– 14, Астана қаласында – 10, Қызылорда және Жамбыл облыстарында 7 мектептен салынады.


Бұдан басқа «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Биыл 217 мектептің құрылысы басталып, олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба бірінші кезекте қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептер салуға, оқушылар мен педагогтер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде барлығы 740 мың орындық 369 жайлы мектеп салу жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#77 мектеп #жоспарлы жұмыстар #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Спорт күніне орай спорт саласы өкілдерін марапаттау жалғасуда

Бүгін 20:50

Алматыда қала студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды

Бүгін 20:44

Магистратура гранттарының нәтижесі 24 тамызда жарияланады

Бүгін 16:34

Кредит төлеу тәсілін клиент таңдай алады

Бүгін 15:21

Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда шамамен 34 есеге өсті

Бүгін 14:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);