AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Жыл басынан бері 785 азаматқа МӘСҚ-тен әлеуметтік...

Жыл басынан бері 785 азаматқа МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер тағайындалды

Экономика 15.05.2024, 11:53 715 dulatbekova
Жыл басынан бері 785 азаматқа МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер тағайындалды
Сурет: Gov.kz

2024 жылдың басынан бастап Отбасының цифрлық картасының көмегімен 785 азамат SMS-ке келісім беру арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  әлеуметтік төлем алу құқығын пайдаланды.

 Оның ішінде 765 адам жұмысынан айырылуы және 20 адам бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлем алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Отбасының цифрлық картасы азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілді мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екенін жеткізіп отыратын «электрондық жаршы» қызметін атқарады.

Қазіргі уақытта ОЦК әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдердің мынадай 3 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді: еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер.

Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. SMS алған азамат оған келісімі жөнінде жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік төлемді тағайындау кейін алушының банктік шотына ақша қаражатын аудара отырып, автоматты режимде жүргізілетін болады.

Төлем алушының ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда, әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша қызметтерді проактивті форматта көрсетуге болады, оны egov.kz порталы арқылы жасауға болады.

2023 жылы ОЦК көмегімен 17 270 азаматқа МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер тағайындалды.

Жалпы, өткен жылы шамамен 1,3 млн қазақстандық МӘСҚ-тен 750,7 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отбасы #цифрлық карта #Әлеуметтік төлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36

Көкшетауда көлік әйелді басып өлтірді

Бүгін 12:31

Бүгін – Аналар күні

Бүгін 11:14

Бәйтерек маңында ерсі суретке түскен студент жазаланды

Бүгін 10:37

Қазақстандықтар 2026 жылы қанша күн демалады?

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);