Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жыл басынан бері 4,6 млн жол жүру ережесі бұзылған

Жыл басынан бері 4,6 млн жол жүру ережесі бұзылған

Заң мен тəртіп 17.11.2023, 10:32 1,232
Жыл басынан бері 4,6 млн жол жүру ережесі бұзылған
almaty-akshamy.kz

Өзбекстан ІІМ делегациясы қазақстандық полицияның цифрлық шешімдерімен танысты












Ішкі істер министрінің орынбасары Зуфар Құрбанов бастаған Өзбекстан ІІМ делегациясы еліміздің полиция ведомствосына келді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қонақтар қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың конституциялық құқықтарын сақтау үшін полиция жұмысына енгізілген цифрлық шешімдермен танысты.


Шетелдік әріптестерге жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды анықтауға көмектесетін “Қорғау” жүйесі көрсетілді, “Цифрлық полицей” жобасы аясында алынған полиция қызметкерлерінің жаңа бейнежетондарының ерекшеліктері туралы айтылды.



Өзбек делегациясына бүкіл ел бойынша оқу орындарында орнатылған бейнекамералар мен дабыл түймелерінің жұмысы, ішкі кадрлық процестерді оңтайландыру және полиция қызметкерлерімен халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру таныстырылды.


Айта кетейік, бұл жобалар құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді тетігі ғана емес, сонымен қатар қылмыстарды жедел ашу құралы ретінде де әрекет етеді. Мәселен, республика бойынша камералардың көмегімен жыл басынан бері 8 мыңнан астам қылмыс ашылып, 465 мың әкімшілік құқық бұзушылыққа тосқауыл қойылды, 4,6 млн жол жүрісі қағидасын бұзу дерегі тіркелді.


Қонақтар қаладағы жедел жағдай туралы ақпаратты тәулік бойы үздіксіз жинау және талдау үшін бейнебақылау мүмкіндіктерін пайдаланатын елордалық жедел басқару орталығына барды. Сондай-ақ оларға министрліктің молекулалық-генетикалық зертханасының жұмысы көрсетілді.


Сонымен қатар көрші мемлекеттің тәртіп сақшылары қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ахуалдық орталығының жұмысын зерделеді, онда елдегі барлық пенитенциарлық мекемелердегі жағдай бақыланады. Сапар аясында Өзбекстан делегациясы елордалық киберполицияға, ХҚКО мен арнайы ХҚКО-ға барды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Өзбекстан #жол #ереже
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жамбыл жыры мен Дина күйі ұлықталды

Бүгін 10:55

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Бүгін 10:41

Көрісу күні – Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні

Бүгін 10:19

Тарихта алғаш рет: қазақстандық альпинистер Альпідегі Эйгер тауының солтүстік қабырғасы — «Өлім қабырғасын» бағындырды

Бүгін 10:06

Көрісу күні қандай мереке?

Бүгін 10:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика