Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басынан бері 296 мыңға жуық адам жұмыспен қамт...

Жыл басынан бері 296 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

Әлеумет 12.12.2025, 08:56 414
Жыл басынан бері 296 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды
Сурет: Gov.kz

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 296 мыңға жуық адам қамтылды, 821,1 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 168,3 мың адам жұмысқа ораналасты, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 13,4 мың адам, жастар практикасында 29,1 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 99,9 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 18,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 6,9 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 315 адам жұмыспен қамтылды.

Жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтарға 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 239 грант берілді.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 59,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 53,5 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 50 мың адам қамтылды, оның ішінде 27,6 мың адам оқуды аяқтады.

Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 9 161 адам жіберілді, оның ішінде 6 375 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағаннан кейін 6 118 адам жұмысқа орналасты.

Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 363,2 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.

Мәселен, 2025 жылғы 1 желтоқсанда 821,1 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде – 177,5 мың адам; Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер орналастырған бос жұмыс орындарына 209,8 мың адам; Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде – 394,8 мың адам; орталық мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар шеңберінде – 39 мың адам жұмыспен қамтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыспен қамту #жәрдемдесу #Бастау бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика