Жыл басынан бері 141 ағза трансплантацияланған

  • 14:26, 19 шілде 2025
Жыл басынан бері 141 ағза трансплантацияланған pixabay.com

Жыл басынан бері елімізде 141 ағза трансплантациясы операциясы жасалған, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев айтты.

"Жыл басынан бері 141 ағза трансплантациясы жүргізілді, оның ішінде 79 – бүйрек. Маусым айындағы жағдай бойынша қайтыс болған донордан 24 трансплантация жасалды, оның ішінде 11 – бүйрек", - деп жазады бірінші вице-министр.

Оның мәліметі бойынша, былтыр "бүйрек функциясының жеткіліксіздігі" N17-19 диагнозының 5619 жағдайы жаңадан тіркелген.

"Заңнама арқылы реттеу үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды. Сондай-ақ сау адамдардың ағзасында қант диабетінің дамуын болдырмау үшін құрамында қант бар сусындарға салық салу мәселесі пысықталып жатыр", - деп жазады Тимур Сұлтанғазиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:36

12:10

11:39

11:16

10:37

10:11

09:41

09:37

09:18

09:01

19:46

17:50

17:37

17:30

17:20

17:20

17:10

17:05

17:00

16:45

16:26

16:19

16:05

15:50

15:41