AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Жуырда олимпиадашыларымыздың формасы таныстырылады

Жуырда олимпиадашыларымыздың формасы таныстырылады

Спорт 20.01.2022, 04:45 1,728
Жуырда олимпиадашыларымыздың формасы таныстырылады
Сурет: Оlympic.kz

2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасының олимпиадалық экипировкасын дайындауға бір жылдан аса уақыт кетті.


Ұлттық Олимпиадалық комитеттің дерегінше, форманың таныстырылымы осы аптада өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ұсыныстар мен кеңестерді жинақтау 2021 жылдың басында жүзеге аса бастады. Процеске ең басты қатысушылардың бірі – спортшылардың өздері болатын. Олар спорттық экипировканың дизайны, сапасы мен функционалы туралы өз ұсыныстарын айтты.


Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті көптеген сұрақтарды шешу барысында атлеттердің пікіріне құлақ асатынын тағы да дәлелдеді. Бұл жолы дизайнды таңдау және олимпиадалық форманың жиынтығын дайындауда спортшылардың ұсыныстары назарға алынды. 



«Бірінші кезекте қолдануға жеңіл болғаны қажет. Әрине, командамыздың стильді болғанын да қалаймыз. Біз үшін сапа мен жайлылық та маңызды. Осы орайда, киімнің жылы болғанын да ескеру керек», - деді шорт-тректен Қазақстан командасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев. 



 



«Осыдан бір жыл бұрын, Алматыдағы әлем кубогі аяқталған соң, бізге спорттық форманың түрлі нұсқалары мен дизайнын көрсетті. Кішігірім детальдар мен түсін таңдауға қатысты да біздің пікіріміз бен тілегімізді сұрады. Олимпиадалық экипировка әрбір атлет үшін өте маңызды. Өйткені, ойын кезінде біздің қай командаға тиесілі екенімізді дәл осы спорттық киім арқылы анықтайды. Ешкім күнделікті киіммен жүрмейді, бәріміз де ұлттық құрама формасын киеміз. Жазғы ойындардағы форма барлығына ұнады, қысқы Олимпиаданың эпикировкасы да көңілден шығады деп ойлаймын. Әдемі болатыны сөзсіз», - деді фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының үздігі Жанбота Алдабергенова. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жуырда #олимпиадашылар #форма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);