Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Журналистика ардагерлеріне жаңа ақпараттық техноло...

Журналистика ардагерлеріне жаңа ақпараттық технологиялар таныстырылды

Әлеумет 13.01.2025, 22:03 668
Журналистика ардагерлеріне жаңа ақпараттық технологиялар таныстырылды
Махаббат Ахметжанова
Бүгін «ALTAI-NEWS» медиа-орталығының ұжымы компанияға қарасты «DIDAR» және «Рудный Алтай» газеттерінің ардагерлерімен жүздесіп, оларға заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті қолдана отырып ақпарат жеткізудің жаңа тәсілдерін көрсетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Altainews.kz--ке сілтеме жасап.
 
«ALTAI-NEWS» медиа орталығы – өңірдегі мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырып отырған басты медиа-құрал. Оның құрамына Altainews.kz желілік басылымы, «DIDAR» және «Рудный Алтай» газеттері, «NEW-media» продюсерлік студиясы, әлеуметтік желілердегі пабликтер, полиграфиялық қызмет бағыты кіреді.
Қос басылымда ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлер «ALTAI-NEWS» медиа-орталығының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
 
Ақпарат саласындағы замануи технологияларды пайдалана отырып, жұмысын жүргізіп келе жатқан орталықта қазір 75 адам жұмыс істейді. Оңтайландыру жалақының біршама өсуіне ықпал етіп, қаламақы төлеу жүйесі де түбегейлі өзгерді. 
- Қазіргі уақыт талабына және ақпарат ағынының жылдамдығына сәйкес газеттер жаңалықтарды, әсіресе белгілі бір оқиғалар туралы ақпаратты дер кезінде жеткізе алмайды. Газетті шығарудың өзі үлкен қаржылық шығындар мен қыруар еңбекті қажет ететін жұмыс. Ақпаратты таратудың электронды әдістері газеттердің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетіп отыр. Өйткені, газет баспаханадан шығып, оқырманға жетіп, оқиға туралы хабарлағанша, сайттар мен электронды БАҚ хабар таратып үлгереді және сәйкесінше газет жаңалығы ескіріп қалады. «DIDAR» және «Рудный Алтай» газеттері Шығыс Қазақстан облысының өмірінде маңызды орын алатын тарихи басылымдар екендігі даусыз. Сондықтан газет оқырмандарының аудиториясын кеңейтудің жолдарын қарастыруды көздеп отырмыз. Таратудың бір түрі – газеттердің қағаз нұсқасымен қатар электронды нұсқасын да шығару. Бүгінде кез келген адам смартфонында интернет бар екеніне үйреніп қалған. Өмірдің көптеген салалары электронды форматқа әлдеқашан көшкен. Сол сияқты газет те нарықтан өз орнын табуды көздейді, - деді компания басшысы Арсений Дүйсенов.

Жалпы, газет атаулыға оқырмандардың қызығушылығының төмендеуі қазіргі таңда тек өңірде ғана емес, бүкіл әлемде байқалып отыр. Мысалы, Ресейде соңғы 10 жылда журналдар мен газеттер саны 40 пайызға қысқарған. Газеттер жедел жаңалықтардың көзі ретінде өз рөлін толық атқара алмауы ақиқат. Газеттер тек аналитикалық және салалық тақырыптардағы авторлық материалдарды, журналистік зерттеулерді көптеп жазуға итермелеуде. Осы тұсы газеттің басымдылығы болмақ.

Еңбек ардагерлеріне қазақы қонақжайлықпен шапан жабылып, құрмет көрсетілді. Өз кезегінде ардагерлер көрсетілген құрметке алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, өздері еңбек еткен газеттің болашағына бей-жай қарамайтындығын жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін де айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#"DIDAR" газеті #Баспахана #жи
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері құқықтық мәдениетін нығайтуда

Кеше 21:07

Алматы қаласы аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы, орналасқан жері, шеқаралары және жұмыс уақыты туралы

Кеше 19:07

Сайлау кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және Алматы қаласының мәслихатына депутаттыққа кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізбесі

Кеше 18:54

Колледж оқытушылары жасанды интеллект негіздерін тегін оқып шықты

Кеше 18:07

Алматыда сталкингтің алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Кеше 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі