AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Журналистер түрік курсын аяқтады 

Журналистер түрік курсын аяқтады 

Әлеумет 16.07.2024, 15:38 1,425
Журналистер түрік курсын аяқтады 
almaty-akshamy.kz

«Alatau Aqparat» медиахолдингі мен Еуразия ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде журналистер түрік тілін тегін үйренді. Қазан айында басталған курстар аяқталып, қатысушыларға Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті лингвистикалық орталығының арнайы сертификаты берілді.

Сертификат табыстау салтанатына Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Эврен Мүдеррісоғлу, «Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлюр, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. 
Журналистер түрік тілін меңгере отырып, Түркия мен өзге де түркітілдес елдердің БАҚ-тарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлюр журналистерді курстың аяқталғанымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді: 

«Алған білімдеріңіз қайырлы болсын! Үйренгендеріңізді ұмытпай, әріқарай жетілдірсеңіздер, пайдаға асатынына сенімім мол. Игілікке жарасын!», – деді ол. 

Айта кететін жәйт, былтыр мамырда «Alatau Aqparat» медиахолдингі мен Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған еді. Журналистерге түрік тілін Түркиядан Алматыға арнайы келген оқытушы үйретті.

«Уақытымды бос өткізбегеніме қуанып тұрмын. Міне, бүгін түрік тілін тегін үйреніп, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті лингвистикалық орталығының арнайы сертификатын алып отырмын. Менің ойымша, тіл үйрену ешқашан кеш емес. Бүгінге дейінгі үйренгендерім алдағы уақытта маған пайдасын тигізетініне сенемін. Осы сәтті пайдалана отырып, бізге тегін тіл үйренуге мүмкіндік жасаған «Alatau Aqparat» медиахолдингінің басшысы Ержан Қалымбайұлына және Еуразия ғылыми-зерттеу институтының қолдауымен Түркиядан арнайы келіп, бізді оқытқан Неше Йылдырым ханымға алғыс айтамын», – дейді «Almaty aqshamy» газетінің журналисі Құралай Иманбекқызы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тіл #түрік #үйрену
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам келді

Кеше 18:52

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Кеше 18:28

Мемлекеттік басқаруда жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру және цифрлық шешімдерді ауқымдау

Кеше 18:25

Шығармашылық индустрияны дамыту және ЖИ саласындағы кадрларды дайындау

Кеше 18:22

Жаппай цифрландыру және ЖИ енгізу елді кешенді жаңғыртудың негізгі факторларының бірі болып табылады

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика