AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жүргізуші куәлігін алып беремін деп 8 млн теңге жы...

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп 8 млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды

Заң мен тəртіп 30.10.2023, 08:12 1,314
Жүргізуші куәлігін алып беремін деп 8 млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп азаматтардың 8 млн теңгесін жымқырған Екібастұз тұрғыны анықталды.


Алаяқтық жасады деген күдікпен Екібастұз қаласының автомектептерінің бірінде есепші болып бейресми жұмыс істеген 33 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Ол жүргізуші куәлігін алып беремін деп азаматтардың 8 млн теңгеден астам қаржысын жымқырған. Жәбірленушілер қатарында Павлодар облысының тұрғындары мен қоса, Ақмола облысының тұрғындары да бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.


22 қазанда ер адам полицияға хабарласып, 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың маусым айының ортасына дейін әйел Екібастұз қаласының автомектептерінің бірінде есепші болып бейресми жұмыс істеп, мемлекеттік мекемелерде танысым бар, қажетті санаттағы жүргізуші куәліктерін алып беремін деп уәде бергенін анықтады. Автомектептің оқушылары оған 150 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін (қажетті санатқа байланысты) ақшалай қаражатты жұбайының шотына аударып отырған. Кейін ешқандай нәтиже болмағандықтан, азаматтар полицияға жүгінді. Сонымен қатар алаяқтың торына тек Павлодар облысының тұрғындары ғана емес, көрші Ақмола облысының тұрғындары да түскен. Бүгінгі таңда 48-ге жуық алданған азамат анықталды. Тұрғындарға 8 млн теңгеден астам шығын келтірілген.



«Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 4-тармағы 3-бөлігінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Алаяқтық жасады деп күдіктенген әйелге қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды», – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі. Полиция департаменті жүргізуші куәлігін тек арнайы ХҚКО-да тиісті емтихандарды тапсырып, 1 АЕК мөлшерінде жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік бажды төлеу қажет екенін еске салады. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап ЖҚЕ бойынша емтихан тапсыру бойынша функциялар мемлекеттік корпорацияға берілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүргізуші куәлігі #алаяқ #автомектептер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);