конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға тек "ХҚКО" қ...

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға тек "ХҚКО" қосымшасынан жазылу керек

Әлеумет 18.01.2025, 11:15 1,396
Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға тек "ХҚКО" қосымшасынан жазылу керек
tengrinews.kz

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ресми сайтында хабарланды. 

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілетін теориялық және тәжірибелік емтиханға енді тек "ХҚКО" қосымшасы арқылы ғана жазылуға болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мемлекеттік корпорация өкілдері бұл жаңашылдық азаматтарға ыңғайы болу үшін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталғанын айтады. "Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "ХҚКО" қосымшасының барлық қолданушысы екі факторлы аутентификациядан өтеді: алдымен – биометриялық идентификация, сосын 1414 нөмірінен келіп түскен SMS-коды арқылы өзінің жеке басын растайды. Одан кейін жүргізуші куәлігіне үміткер "Теориялық емтиханға жазылу" немесе "Тәжірибелік емтиханға жазылу" батырмасын таңдайды. Бұдан соң қызмет алушыға 1414 нөмірінен хабарлама келіп түседі.

Айта кету керек, SMS хабарлама Мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөміріне жіберіледі. Қосымша арқылы емтиханға жазылу үшін алдын ала мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтінім нөмірін алу қажет екенін ескертеміз", - делінген хабарламада. Бұл сервис емтихан уақыты мен емтихан тапсыру кестесіндегі өзгерістер туралы пайдаланушыларға хабарлап отырады. Бұл ақпаратты ыңғайлы түрде және дер кезінде алу мүмкіндігін едәуір арттырады.

Еске сала кетейік, емтиханға жазылу бұрын  booking.gov4c.kz сайтында жүзеге асырылатын, алайда "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы қызметті кеңейтілген ауқымда алу үшін сайттағы брондау функциясы өшіріледі. Десе де сайт пайдаланушыларға емтихан тапсыру сәтінің трансляциясын онлайн режимде көрсету үшін өз жұмысын жалғастыра береді. Аталған қосымша ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электронды кезек үшін талон алуға, қызықтырған халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан мекенжайын табу және өзекті сұрақтармен танысуға мүмкіндік береді. "ХҚКО" қосымшасын Google Play және App Store арқылы жазып алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ХҚКО #Жүргізуші #Куәлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Бүгін 13:53

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Бүгін 12:16

Алматының Жетісу ауданында Қарасу өзенінің жағалауы мен жаңа қоғамдық кеңістіктер көріктендіріліп жатыр

Бүгін 10:55

Алматыда Қытай Халық Республикасы делегациясымен әлеуметтік саясат және отбасын қолдау мәселелері бойынша кездесу өтті

Кеше 19:38

Алматыда жаңа заманауи онкологиялық орталық салынады

Кеше 18:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);