AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жүргізуші куәлігін алу процедурасы қатаңдады

Жүргізуші куәлігін алу процедурасы қатаңдады

Әлеумет 14.08.2023, 06:14 1,316 Almaty-akshamy.kz. 
Жүргізуші куәлігін алу процедурасы қатаңдады
Сурет: ашық дереккөз

Заңсыз көмек ұсынатын делдалдардың жолын кесу мақсатында мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізуші куәлігін алу процедуралары қатаңдатылды. Almaty-akshamy.kz бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметіне мониторинг жүргізді. Оған себеп бірнеше жыл бойы көлік құралдарын заңсыз ресімдеумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істер болды.


Мониторинг барысында автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің шарттары анықталған.


Ақпараттық жүйелердің осалдығы, процестердің жеткіліксіз цифрландырылуы, көлікті тіркеу процедурасының жетілдірілмегендігі, емтихандарды қабылдаудағы құқықтық олқылықтар, автомектептерде атүсті оқыту – осы факторлардың барлығы заңсыз делдалдық қызметтердің пайда болуына ықпал еткен, - делінген Антикор мәліметінде.

Мониторинг нәтижелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі уәкілетті мемлекеттік органдардың атына 22 ұсыныс жолдаған. Қазіргі таңда ұсыныстардың жартысынан көбі орындалған.


Мәселен, ІІМ өзінің барлық аумақтық бөлімшелерінде автокөлік құралдарының дерекқор базасына түзету енгізу мүмкіндігін жапты.


Сонымен қатар Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізуші куәліктерін беру рәсімі күшейтілді. Онда емтихан алушылардың міндетті биометриясы мен тестілеудің барлық процесін видеотіркеу енгізілді, емтихандарды қайта тапсыру регламенті өзгертілді.


Бұдан бөлек, пилоттық режимде автоХҚКО мен ІІМ-де жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды. Жүйеде автомобильдердің деректерін, міндетті төлемдер мен алымдарды, айыппұлдарды автоматты цифрлық салыстыру тетіктері көзделген, кез келген түзетулер үшін мүмкіндіктер алынып тасталды.


Осы ретте мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне жатқызу ұсынылды. Заң жобасы ҚР Парламентінде қаралуда. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды ресімдеуге көмек ұсынатын тұлғалар әлі де болуы мүмкін. «Көмекшілердің» заңсыз қызметтеріне жүгінбеуді сұраймыз. Осындай фактілерге тап болған жағдайда 1424 қысқа нөмірі бойынша Антикорға дереу хабарлау қажет, - деді Антикордан.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүргізуші #Куәлік #ХҚКО
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика