AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Жұпар жүрек» адамдықты, адамгершілікті дәріптейті...

«Жұпар жүрек» адамдықты, адамгершілікті дәріптейтін фильм

Мәдени Алматы 25.08.2025, 10:51 1,452 Нұржамал Әлішева
«Жұпар жүрек» адамдықты, адамгершілікті дәріптейтін фильм
Сурет: Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы

Мегаполистегі «Арман» кинотеатрында «Жұпар жүрек» көркем фильмінің тұсаукесері өтіп, еліміздің барлық кинотеатрының үлкен экранына жол тартты.

«Жұпар жүрек» – түрмеде отырып шыққан, ішкілікке жақын, қатыгез әрі абьюзер Саматтың (рөлде Ержан Нұрымбет) жүрек трансплантациясынан кейінгі өзгерістерін бейнелейтін психологиялық драма.

Жүрегінде ақауы бар оған жол апатынан көз жұмған жас жігіттің жүрегі салынады. Донор болған мұғалім жігіттің ата-анасы марқұм ұлының тым болмаса жүрегінің дүрсілін естігісі келіп Саматтың үйінің есігін қағады. Ал Самат болса ол қызметін ақшаға сатады. Баласын сарғая сағынып жүрген әке-шеше, әрине, бұл талапқа көнеді.

Арада біраз уақыт өткенде Самат өзіндегі елеулі өзгерістерді байқай бастайды. Ал оған донор болған жігіт өте мейірімді, құстарға үйшік жасауды жаны сүйген, ізгілікті мұрат еткен бастауыш сынып мұғалімі болатын...

 

– Фильм идеясы кеудесіне донордың жүрегі салынған адамның және оған өмір сыйлаған марқұмның туыстарының суретін көргенде туындады. Мен алдымнан шыға келген сол суретке біраз тесіліп қарап қалдым. Сол көріністің көркем фильмге сұранып тұрғанын ұқтым. Бұл – кинозалда попкорн жеп отырып көре салатын фильм емес, үлкенді де, кішіні де ойландыратын, адам болып өмір сүруге, жүректі сақтауға үндейтін, адамгершілікті дәріптейтін картина деп білемін. Мен бұл туындымда көп сөзге емес, сахналық іс-әрекеттерге көбірек мән бердім, – дейді «Жұпар жүрек» көркем фильмінің режиссері Максим Қодаров.

 

Кинокартина трансплантологияны ғана емес, адамның ішкі күресі, отбасындағы дағдарыс, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалар арасындағы буллинг мәселелерін де қозғайды.

Саматтың жары Фатима (рөлде Айнұр Бермұхамбетова) – еңбегіне адал қарапайым медбике. Күйеуінің барлық қатыгездігіне, сүйегінен өтер балағат сөздеріне, етіне батқан таяғына шыдап келе жатқан, ұлының бүтін отбасында өскенін қалайтын әйел. Ал кішкентай Мәди – бала болып жарқырап күлмейтін, әке мейірімін көрмеген, ылғи қатарластарының мазағына ұшырап жүретін, сурет салса да тек қара түсті бояуларға жақын балдырған.

Міне, кинокартина осындай шиеленісті сахналарға толы.

 

– Бұл – Максимнің тырнақалды дебюттік жұмысы. Түсірілім жұмыстары басталғанда оның айтқан сөздері әлі есімде. «Менің қағаздағы кейіпкерлерім тіріліп келе жатыр. Оларға сіздер жан бітіріп жатырсыздар» деп балаша қуанғаны бар. Әрине, барымызды салдық. Оның үстіне түсірілім алаңынан мықты оператор Қазбек Әміржановты көргенде қобалжу да азайып, жанып сала бердік. Бұл – әлеуметтік-психологиялық драма. Жүрек донорлығынан басталған оқиға талай жүрекке ой салады деп сенемін. Ендігі бағасын өздеріңіз бересіздер, қымбатты көрермендер! – дейді отандық белгілі актер Бақытжан Әлпейісов.

 

Фильмді «Алижанфильм» студиясы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірген. Атқарушы продюсер – Арман Боранбаев, режиссері және сценаристі – Максим Кодаров, қоюшы-оператор – Қазбек Әміржанов, бастама продюсері – Саин Ғабдулин.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жұпар жүрек #фильм #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика