AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жұмысты Еnbek.kz арқылы тапқан жас маман

Жұмысты Еnbek.kz арқылы тапқан жас маман

Әлеумет 20.04.2023, 10:56 1,347 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Жұмысты Еnbek.kz арқылы тапқан жас маман
almaty-akshamy.kz

Еңбек адамы


Жұмыссыздық – әлі де күн тәртібінде тұрған өзекті тақырып. Осы мәселенің түйінін шешу мақсатында құрылған Халықты  жұмыспен  қамту орталығы  жүйелі жұмыстар атқарып келеді.


Мәселен, мекеме қалада бос жұмыс орындары жәрмеңкесін жиі ұйымдастырады. Сондай-ақ, басқарма мамандары жұмыс іздеп жүрген жандарға түйіндемені қалай толтыру керектігін, оны мекеме-кәсіпорындарға қалай өтімді етіп ұсыну жолдарын үйретеді. Сонымен қатар, «бізге келіңіз, жұмыс бар» деп шақыратын кәсіпорындар мен мамандық түрлерін жалпыға қолжетімді ақпарат ресурстарына, газет, сайттарға, оның ішінде Еnbek.kz порталына жүйелі түрде жариялап отырады. Айтарлықтай нәтижелер бар. Мәселен, былтыр Алматы бойынша 19 125 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Ал биыл жыл  басынан бері 2500-ден астам адам жұмыс тапқан. Одан тыс, әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарға тартылып, отбасылық-тұрмыстық жағдайын жақсартып жатқан азаматтар да көп.


Жалпы, еңбек нарығында қызмет көрсету саласы мен құрылыс мамандарына сұраныс жоғары. Атап айтсақ, сатушы, тігінші, менеджер, мерчендайзер, кассир, контролер, күзетші, құрылыс жұмысшыларын, бетон құюшы, жол жұмыскерлерін, жүргізуші, кондитер, аспаз, даяшы,  жүргізушілер іздейтін мекемелер көп. Одан соң технология саласы бойынша программистерге, жүйелік әкімгерлерге сұраныс бар. Қалада кейінгі уақытта балабақшалар көптеп ашыла бастағандықтан, тәрбиешілер де керек. Ал ірі компаниялар есепші, қаржы мамандарын көбірек іздейді. Ең жиі жұмыс ұсынатын және «екі қолға бір күрек іздеп» жүрген адамдарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін мекемелер туралы айта кетер болсақ, олардың қатарында «Магнум», «Сулпак», «Ақсай нан», «Дастархан», «Обис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Алматы жылу жүйесі» АҚ мен «Алматыэлектротранс» бар.


Біз алыстан емес, үйінде отырып-ақ мемлекеттік Еnbek.kz сайты арқылы Алматыдан тұрақты жұмыс тапқан жас маман Марат Хасеновты сөзге тартқан болатынбыз.




– Осы қаладағы консерваторияны бітіргенмін. Ел жақта, Қызылорда облыстық мәдениет үйінде біраз жұмыс істеп келдім. Басымыз жас дегендей, үлкен қалада бағымды сынап көрмекке Алматыға табан тіреген болатынмын. Әрине, бастапқыда жұмыс таппасам қалай болады деген аздаған қорқыныш болды. Бірақ табиғатымнан тәуекелшіл адам болғандықтан, сенімге, дипломыма көбірек иек арттым. Жасыратыны жоқ, жарты жылдай жұмыссыз жүріп қалдым. Мамандығыма сай жұмыс таппадым. Бұрынғы жұмысымды Еnbek.kz сайты арқылы тапқан болатынмын. Бұл жолы да сол мемлекеттік порталға жүгіндім. №72 жалпы білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі вакансиясы табыла кетті. Әңгімелесуге шақырды, келдім, қабылдандым. Жаңа оқу жылынан бері осында еңбек етіп жүрмін. Ұжымға сіңісіп кеттім. Бәрінен де таңертең кішкентай достарыма асығып жетемін. Қазіргі балалар баяғы біз сияқты емес, ойын, пікірін, жақсы көріп тұрғанын ашық білдіреді. Бәрі сені есіктен көргеннен жапатармағай жүгіріп келіп, құшақтап, біз сізді сағындық деп амандасқанда, елжіреп кетесің. Жұмысыңнан шабыт алудың өзі бір ғанибет! Бойымдағы бар жақсыны сол арманшыл, білімге құштар өрендерге сарқып бергім келіп тұрады, – дейді тоғыз аспапта еркін ойнайтын жас маман, музыка педагогы Марат Балтабайұлы.



Айтпақшы, Марат айналасында жүрген бірнеше жігітке жұмысты таныстарын жағалап емес, Еnbek.kz сайты арқылы іздеуге кеңес беріп жүргенін және бірнеше танысы жұмысты солай тапқанын да айтып қалды. Иә, іздеген адам – табады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #Жұмыссыздар #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);