AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жұмысшыларға бір сағаттық ереуіл өткізуге рұқсат б...

Жұмысшыларға бір сағаттық ереуіл өткізуге рұқсат беріледі

Заң мен тəртіп 02.02.2023, 08:45 1,254
Жұмысшыларға бір сағаттық ереуіл өткізуге рұқсат беріледі
Сурет: Vlast.kz

Бұл заң Президентке жіберілді.


Сенат депутаттары еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібіне өзгеріс енгізу туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Заңға сәйкес, жұмысшыларға бір сағаттық ескерту ереуілін өткізуге рұқсат берілмек.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасовтың айтуынша, ескерту ереуілін еңбек арбитражы кезінде өткізуге рұқсат беріледі. Уақыты - бір сағат. Адам санына да шектеу бар.



«Адам саны 50-ден аспауы керек. Ескерту ереуілі жұмысшылардың талабын тиімді қарастыруға және бәріне ыңғайлы шешім қабылдауға ықпал етуі керек», - деді Сарбасов сенатта өткен брифингте.



Осы орайда вице-министр толыққанды ереуілді өткізу тәртібін түсіндірді.



«Бәрі жұмысшылардың талабынан басталады. Бұл - бірінші кезең. Екі жақ келісімге келмесе, барлық мәселе татуласу комиссиясында қаралады. Оған жұмыс беруші мен жұмысшылардың өкілдері тең дәрежеде кіреді. Татуласу комиссиясында ештеңе шешілмесе, еңбек арбитражы құрылады. Оның құрамына да екі жақтың адамдары, еңбек инспекторы және тағы басқа сарапшылар кіреді. Онда да келісімге келмесе, жұмысшылар ереуіл жариялауға құқылы», - деп атап көрсетті Сарбасов.



Оның айтуынша, бүгін қабылданған заңда арбитражды құру мерзімі екі күнге қысқартылады. Ал шешім шығаруға үш күн беріледі. Сондай-ақ, келісу комиссиясына шағым түсіру тәртібі жан-жақты жазылған.


Жұмыс беруші ереуіл және тағы басқа шараларды өткізу үшін жағдай жасауға міндетті.


Бүгін заң екі оқылымда мақұлданды. Құжат Президенттің қол қоюына жіберілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #Ереуіл #жұмысшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);