AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жұмысшы мамандықтарының жылындағы жетістіктер»

«Жұмысшы мамандықтарының жылындағы жетістіктер»

Әлеумет 30.05.2025, 16:09 667 Аженова Орынша Мырзашовна, ҚРББ ісінің ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ, ХАА(МАЙН) академигі, АЭМК колледжінің физика пәнінің оқытушысы
«Жұмысшы мамандықтарының жылындағы жетістіктер»
Сурет: АЭМК колледжі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы» №744 жарлығына орай жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында техникалық және кәсіптік білім берудегі қоғамдағы жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап, Алматы қаласы бостандық ауданы, Түркебаев 257 мекен-жайында орналасқан Алматы электромеханика колледжінің башысы: Болатжан Даулетұлы Бозымбаев және Алматы қаласының Алатау ауданы,  Ахрименко 6 мекен-жайында орналасқан №82 жалпы білім беру  мектебінің басшысы Сабила Мырзашқызы Енсепбаева мемарандумға (келіс-сөзге) қол қойылып, жастарға еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруда "One School One Skill (бір мектеп - бір дағды)" жобасын іске асыру барысындағы іс-шараны бірлескен жоспары бойынша мектеп шеңберінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталу үшін, оқушыларды қажетті ресурстармен және қолдаумен қамтамасыз ете отырып, терең меңгеру үшін «Автоэлектрик», «электр жабдықтарын монтаждаушы» атты негізгі мамандықтарын таңдап, осы АЭМК колледжінің оқытушысы Аженова Орынша мектепте теориялық курс өткізіліп және  арнайы пән оқытушысы Нәлжігіт Бекнұр теориялық сабақты мастер-класпен ұштастырды.

        №82 ЖББ  мектебінде теориялық сабақ аяқталған соң осы АЭМК колледжінде оқу өндірістік-ісі жөніндегі басшының орынбасары  Асгат Райханның басшылығымен арнайы пән оқытушылары Игенбай Нурбол және Толыбаев Қуанышбек практикалық сабақтар өткізілуде.

          Мұндай жобалар оқушыларға еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға көмектеседі.

       Осы дайындықтардың арқасында  22.04.2025 жылы «Алматы қаласы Білім Басқармасының Коммуналдық мекемесінің» ұйымдастыруымен Алматы қаласында Наурызбай ауданының «Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы базасында оқушыларға арналған» барлық арнайы және орта білім беретін колледждерінің өткен  “WordSkills Kazakhstan” стандарттары бойынша АЛМАТЫ қаласының  “JasSkills Almaty 2025” қалалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысып, Алматы электромеханика колледжінің дайындаған «Автоэлектрик» мамандығынан “Шанақ жөндеу” құзыреттілігі бойынша, Алматы қаласы Алатау ауданының №82 жалпы білім беру  мектебінің оқушылары қатысып, олардан жеңіске жеткен оқушылар: 9 “А” сынып оқушысы Полатбек Мұхамедали І орын, 9 “А” сынып оқушысы Төлеу Бейбарыс ІІ орын иеленді, Ал  «Электр жабдықтарын монтаждаушы» мамандығынан “Электромонтаждау жұмыстары” құзыреттілігі бойынша 9 “А” сынып оқушысы Шабазиев Раджаб ІІ орын иеленіп,  9 “А” сынып оқушысы Тұрсын Саян ІІ орын иеленді. Жарыстың шарты бойынша осы жеңімпаз оқушылар жеңіске жеткендігі жөнінде дипломдарымен қоса келешек мамандықтарына қажетті ынталандыру сыйлықтарымен марапатталып, қаланың кез-келген колледждеріне оқуға түсуге рұқсат грантін жеңіп алды.

        Міне осындай білімді оқытушылардың арқасында №82 ЖББМ  оқушыларының арасынанда келешек заманға сай жұмысшы мамандары іріктеліп шығып мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып, жұмыс мамандықтарын танымал етуге, шығармашылықты дамытуға, сондай-ақ жеке және мансаптық өсу үшін кәсіби дағдылардың маңыздылығын көрсетуде.

      Осы оқу жылының соңында «Автоэлектрик» және «Электр жабдықтарын монтаждаушы» атты негізгі мамандықтарын таңдап, теориялық және практикалық біліп алғанының арқасында №82 ЖББМ оқушыларының АЭМК колледжінің базасында куәлік ала отырып, алғашқы жұмыс кәсібінің дағдыларын игеруіп, 2025 жылдан бастап, төмендегі аталған мамандықта студенттік сезімге толы жылдары басталады.

        9-сынып негізінде оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. АЭМК колледжі төмендегі мемлекеттік тапсырыспен (грантпен тегін) білікті мамандарды дайындайды.

    Мамандықтар: Автоэлектрик, электр жабдықтары, электр жабдықтарын монтаждаушы, дәнекерлеу ісі, жаңартылған энергетика, технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару, мехатроника,техник электрик, техник электромеханик. Грант, ыстық тамақ, стипендия, жатақхана.

     Германия республикасымен ресми келісім-шарт (3-4 курс студенттері оқуды Германияда жалғастырады)

     Жастарға оқуда жетістіктер, жақсы мамандықтар иесі болып, істе сәттілік тілей отырып, «Сендер біздің болашағымызсыңдар, біз сендерге сенеміз!» -демекшімін.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жұмысшы мамандықтар жылы #кәсіптік білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);