AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жұлдыздар қауіпсіздік үшін: алматылықтарға көмірқы...

Жұлдыздар қауіпсіздік үшін: алматылықтарға көмірқышқыл газынан сақтану жолы ескертілді

Барлығы 29.12.2025, 11:10 1,104
Жұлдыздар қауіпсіздік үшін: алматылықтарға көмірқышқыл газынан сақтану жолы ескертілді
Алматы әкімдігі

Алматыда газ және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бұл бастамаға құтқарушылармен бірге мәдениет пен спорт саласының танымал өкілдері қатысуда. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан акцияның мақсаты – көмірқышқыл газынан улануға байланысты қайғылы жағдайлардың алдын алу.

Алматылықтарға кезекті бейнеүндеуді әнші, актриса және тележүргізуші Дильназ Ахмадиева мен артист Біржан Хасанғалиев жолдады. Олар жеке үлгі көрсетіп, қарапайым әрі түсінікті формат арқылы өмірді сақтап қалуға көмектесетін қауіпсіздік ережелерін еске салды.

«Өзіңнен баста» челленджі аясында акция қатысушылары көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер мен табиғи газдың таралуына әсер ететін газанализаторлардың жұмысын көрсетті. Құтқарушылардың айтуынша, мұндай құрылғылар қауіпті дер кезінде байқап, қайғылы салдардың алдын алуға мүмкіндік береді.

ТЖД мәліметінше, көмірқышқыл газының басты қаупі – оның түсі де, иісі де жоқ. Ол бөлме ішінде көзге көрінбей жиналып, санаулы минуттар ішінде ауыр улануға немесе адам өліміне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлар көбіне газ жабдықтарының ақаулығынан, газ құбырлары қосылыстарының герметикалығының бұзылуынан, желдету арналарының жабылып қалуынан, сондай-ақ тұрғын үйлерді жылыту үшін газ плиталары мен конфоркаларды пайдаланудан туындайды. Бұл әсіресе жеке тұрғын үйлерде жиі кездеседі.

Акцияға үш дүркін әлем чемпионы, жауынгерлік самбодан әлем кубогының иегері және бразилиялық джиу-джитсудан Азияның екі дүркін чемпионы Арман Оспанов та қосылды. Ол қазақстандықтарды үйлер мен пәтерлерге газ датчиктерін орнатуға шақырып, мұндай қарапайым құрылғылар өлімге әкелетін уланудың алдын алатынын атап өтті.

Бастаманы мәдениет пен өнер саласындағы өзге де танымал тұлғалар қолдады. Олар алматылықтарға газ жабдықтарының жағдайын тұрақты түрде тексеріп отырудың, желдету жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаудың және өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салды. Олардың айтуынша, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау – өз өміріңе ғана емес, жақындарыңның өміріне де жасалған қамқорлық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#челлендж #ТЖД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар балаларды үйде оңалту жобасы бес өңірде жүзеге асырылуда

Кеше 17:05

Достық даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 16:30

Алматыда Бибігүл Төлегенованың шеберлік сабағы өтті

Кеше 16:05

Алматылық спортшы самбодан шеберлер арасында әлем чемпионы атанды

Кеше 16:02

Келешек мектептері: Қазақстанның білім беру инфрақұрылымын жаңғырту

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);