(24 ақпан – 4 наурыз)
ТОҚТЫ (21 наурыз – 20 сәуір) Осы аптада өзіңізге демалыс жариялаңыз. Көңіліңізді көтеретін қойылымдарға барып бір сергіп қайтқаныңыз абзал. Бос уақытыңызды тиімді шаруаларға арнаңыз. Жақындарыңызды қуанту үшін барыңызды саласыз.
ТОРПАҚ (21 сәуір – 21 мамыр) Аптаның алғашқы күндері армандаған ойларыңызға қол жеткізесіз. Барлық тілектеріңіз орындалады. Көп сұрақтардың шешімін тауып, сүйіктіңізбен романтикаға толы кеш өткізесіз.
ЕГІЗДЕР (22 мамыр – 21 маусым) Көктемнің алғашқы күндерінде бақытқа кенелесіз. Иә, оған себеп те бар – сіз ойға алып жүрген істерді қолға алдыңыз. Отбасыңыз, жора-жолдастарыңыз бәрі қасыңызда. Өйткені, сіз мейірбан жансыз. Сый-құрметке лайықсыз.
ШАЯН (22 маусым – 22 шілде) Бұл күндері жаныңыздағы адамдардың бәріне көмек бергіңіз келіп тұрады. Себебі ақкөңіл, ақылды, парасатты ойлай білетін жансыз. Қаржыңыз да жеткілікті. Ешқандай қиналу дегенді білмейтін бақытты жансыз.
АРЫСТАН (23 шілде – 23 тамыз) Аптаның басы жағымсыз жаңалықтарға, тосын оқиғаларға толы болмақ. «Әр жамандықтың бір жақсылығы бар» демекші, қуантарлық жаңалықтар да сізді күтуде. Өзіңізге деген сенімділігіңіз сіздің бейнеңізді айшықтай түспек.
БИКЕШ (24 тамыз – 22 қыркүйек) Күніңіз тамаша күтпеген жаңалықтардан басталады. Ісіңіз де алға жүреді. Махаббатта да жолыңыз болады. Еш нәрседен қаймықпаңыз, тек алға. Мақсаттарыңыз да орындалып, жүзіңіз бақыт пен қуанышқа толады. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Әркез күліп жүріңіз. Күліп жүрген сайын сізге бәрі қарап, «қашан көрсең де жүзінен бақыт кетпейтін қандай керемет жан» деп қызығатын болады. Әрине, сіз айтпаса да бақытты жан емессіз бе. Солай ма?
ТАРАЗЫ (23 қыркүйек – 22 қазан) Көктемдей құлпырып, жан-жағыңызға мейірімділік нұрын төгіп жүресіз. Мереке күндерін туған-туыстарыңызбен өткеріңіз. Денсаулығыңызға назар аударыңыз. Ажарыңызға мән беріп, күтінуді де ұмытпаңыз.
САРЫШАЯН (23 қазан – 21 қараша) Жұмыстарыңыз алға басады. Әріптестеріңізбен үлкен келісімшартқа отыруыңыз мүмкін. Аптаның алғашқы күндері сабырлы болғаныңыз жөн. Жақындарыңызға көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн. Олар сізден қолдау күтіп жүр. Жұмыс-жұмыс деп жүргенде, сүйгеніңізден айырылып қалып жүрмеңіз.
МЕРГЕН (22 қараша – 21 желтоқсан) Махаббатыңызды іздеп-іздеп, ақыры қол жеткіздіңіз. Бақыттысыз. Айтқаннан қайтпайтын, ақылына көркі сай жансыз. Жан-жағыңыздағы жандардың бәрі сізге сүйсініп қарайды. «Мен де осындай болсам екен» деп, үлгі тұтатын адамдар да көп.
ТАУЕШКІ (22 желтоқсан – 20 қаңтар) Сізден асқан ақылды адам жоқ, бәріне кеңес беруден жалықпайсыз. Сізді жақсы көретін жандар өте көп. Әрине, сізді қалайша жақсы көрмеске? Сіз өте ақкөңіл, мейірімді, қамқор жансыз. Демалыс күндерін жақындарыңызбен өткізуге тырысыңыз.
СУҚҰЙҒЫШ (21 қаңтар – 19 ақпан) Демалысыңызды қолөнерге арнаңыз. Өзіңіз қалаған шаруамен айналысу арқылы көңіліңіздегі күпті мәселелерді шешесіз. Осы апта сіздің пайдаңызға шешілмек.
БАЛЫҚТАР (20 ақпан – 20 наурыз) Апта басы қарбалас болмақ. Жақындарыңызға жылулық сыйлауды ұмытпаңыз. Ойға алған шаруаларды атқармайынша тынбайсыз. Нәтижесінде үлкен жетістіктерге қол жеткізесіз.
Әзірлеген Ақтолқын ҒАЛЫМҒАЗЫҚЫЗЫ