Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ (7 – 14 сәуір)

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ (7 – 14 сәуір)

Керек кеңес 07.04.2022, 04:22 7,076
ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ (7 – 14 сәуір)
almaty-akshamy.kz

ТОҚТЫ (21.03 – 20.04) Апта шығармашылық пен жаңа идеяларға толы. Айыңыз оңынан туады. Әріптестіктің жаңа қырлары ашылып, қызметте жоғарылауыңыз мүмкін. Жанұяңызға да көп көңіл бөліп, жұмыс пен отбасы мәселесін үйлестіріңіз.


ТОРПАҚ (21.04 – 21.05) Бұл күндері сізге көбірек ізденуге тура келеді. Армандарыңыздың орындалуы жолында асығып-аптығудың қажеті шамалы. Сабырмен, ақылмен әрекет етуге дағдыланыңыз. Бәрі өзіңізге байланысты. Алда тамаша күндер күтеді.


ЕГІЗДЕР (22.05 – 21.06) Осы апта сіз үшін тосын сыйларға толы болмақ. Өз сезімдеріңізді бағалаған жөн. Жүрегіңізге көбірек құлақ түріңіз. Қандай да бір ұсынысы болып жатса, бас тартпаңыз. Өйткені, қазір бәрі жақсы болғанымен, кейін өкінуіңіз мүмкін.


ШАЯНДАР (22.06-22.07) Алдыңғы күндері өзіңізді жолаушыдай сезінесіз. Қарбаласқа толы күн. Ешкімнен ештеңені жасырмаған жөн. Жеке басыңызға қатысты келеңсіз оқиғаларға тап болуыңыз мүмкін. Бірақ абыржымай, шындығын айтыңыз.


АРЫСТАН (23.07 – 21.08) Тұрмыс жағдайыңыз жақсарып, көңіл күйіңіз бір қалыпқа түседі. Бірақ сіздің мүмкіндіктеріңіз бұдан да мол табысқа кенелуіңізге жетерлік. Іскерлік әлемінде кездескен жаңа жобалардан бас тартпаңыз. Жемісін кейін еселеп қайтарады.


БИКЕШ (22.08 – 23.09) Сізге сәл де болса тынығатын кез келді. Қиын сынақтар артта қалды дей беріңіз. Дегенмен, біраз мәселе шешілмеген күнде оған бола мазаңыз кетпейді. Бірақ сіз күшті сынақтан өтіп, шындалдыңыз. Сондықтан да көптеген бикештердің өмірі өзгереді. Өз өміріңіз жайлы ешкімге тіс жармайтын боласыз.


ТАРАЗЫ (24.09 – 23.10) Осы аптада көп күш жұмсаған жұмыстан бәлендей нәтиже көрмейсіз. «Міне, енді шешіледі» деген нәрсеңіз тағы да бәз-баяғы қалпына түседі. Өзгенің уәдесіне сене бермеңіз. Тіпті, ең сенімді деген серіктесіңізге де сенім артпаңыз. Өйткені, көп нәрседен көңіліңіз қалады. Көп еңбектенуге тура келеді. Кез келген нәрсеге қаржы құюға дайын болыңыз.


САРЫШАЯН (24.10 – 22.11) Бұл күндері бірлесіп істеген жұмыс жемісін береді. Ортақ мақсат, шаруа міндеттер қызықты болмақ. Шығармашылық әлеует жоғары деңгейде. Сіздің өміріңіз маңызды бетбұрыс, өзгерістер ықпалында тұр. Сәуірде материалдық жағдайыңыз жақсарады.


МЕРГЕН (23.11 – 21.12.) Демалыс күндерін достарыңызбен, туыстарыңызбен жиі кездесуге арнаңыз. Сол уақытқа қарай тұрмыс жағдайыңыз біршама реттеліп қалуы да мүмкін. Қаржы мәселесі өзіңіздің бақылауыңызда болмақ. Жеке өмірде қасыңыздағы адамның түсіністігі мен қолдауы сізге қажет.


ТАУЕШКІ (22.12 – 20.01) Бұл күндері көзқарасыңызды өзгерткіңіз келмейді. Өзіңіздің пайымдауыңызды әрқашан алға қоясыз. Айналаңыздағы адамдарға күдікпен қарайсыз. Осының әсерінен өзіңіз ғана жапа шегіп, қиналуыңыз әбден мүмкін. Жаңа өмірдің есігін ашуға болатын сәтті жіберіп алмаңыз.


СУҚҰЙҒЫШ (21.01 – 18.02) Осы аптада олжаға кенелесіз. Мансабыңыз өсу үшін басшылық талабын қабылдап, құрметтеуді үйренуіңіз керек. Ал артық эмоциялар қолайсыз жағдайға әкелуі мүмкін. Жағымсыз эмоцияларды ішіңізде сақтауға тырыспаңыз, дегенмен қасыңыздағы серіктесіңізге ашуыңызды көрсетпегеніңіз абзал.


БАЛЫҚТАР (19.02 – 20.03) Сәуір айында маманға жүгініп немесе ең болмағанда жақын досыңызбен сөйлескеніңіз дұрыс. Осылайша жұлдыз белгісі қажетсіз уайымнан құтылып, жақын жандармен жылы қарым-қатынастарыңызды сақтай аласыз.


Әзірлеген Ақтолқын ҒАЛЫМҒАЗЫҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жұлдыз #Жорамал #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика