ffin.kz

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ (4 наурыз – 11 наурыз)

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ  (4 наурыз – 11 наурыз) almaty-akshamy.kz

ТОҚТЫ (21 наурыз – 20 сәуір) Аптаның алғашқы күндері қоғамдық жұмыстарға қатысыңыз. Өйткені, адамдар сізді тыңдауға және сөзіңізге құлақ асуға дайын. Отбасыңызбен бірге демалуға уақыт жетпеуі мүмкін. Сіздің белсенді өмірлік ұстанымыңыз басқаларды шабыттандырады, соның арқасында серіктестер мен әріптестердің алаңдаушылығы бекер екенін дәлелдейсіз.


ТОРПАҚ (21 сәуір – 21 мамыр) Бұл күндері айналаңыздағы адамдар сізге қарап, сыртқы келбетіңізді бағалайды, сонымен қатар сынға алады. Бөтен ойы барлар сізді жанжалға тартып, оны қоғам алдына шығарғысы келеді. Сөздер мен мәлімдемелерге абай болыңыз, әсіресе, көпшілік алдында, өйткені оның соңы дауға ұласып кетуі мүмкін.


ЕГІЗДЕР (22 мамыр – 21 маусым) Құпия болып қалуы керек нәрсені мұқият сақтаңыз. Бұл қарым-қатынасқа, ақшаға, шығармашылық жобаларға қатысты. Отбасылық істерге, махаббат қатынастарына, тату көршілікті қалпына келтіруге қолайлы апта болмақ.


ШАЯН (22 маусым – 22 шілде) Ақпараттың көптігі, көптеген байланыстар мен сапарлар аптаны өте қызықты және әртүрлі оқиғаларға толы етеді. Тіпті, көңіл күйді бұзатын немесе жоспарларды өзгертетін бірдеңе орын алса да үрейленбеңіз. Жағдай сіздің пайдаңызға шешіледі.


АРЫСТАН (23 шілде – 23 тамыз) Аптаның алғашқы күндері - жұмыс іздеуге, кәсіби дамуға, серіктестік саласында тепе-теңдікке қол жеткізу үшін ыңғайлы кезең. Аптаның екінші жартысында сыртқы белсенділік төмендейді, бірақ ішкі өмірде жаңа серпін пайда болады.


БИКЕШ (24 тамыз – 22 қыркүйек) Бұл күндері жұмыста атмосфера тыныш, басшылық сізге өте адал. Сондықтан сіз бұл кезеңді еңбек жағдайын жақсарту үшін пайдалана аласыз. Барлығы дерлік ойдағыдай болып жатыр. Тоқырап қалған тақырыптарды қайта жандандырасыз. Егер сіз шығармашылықпен айналысатын болсаңыз, наурыз – ең ыңғайлы уақыт.


ТАРАЗЫ (23 қыркүйек – 22 қазан) Жеке және іскерлік қарым-қатынастар үшін белсенді кезең. Мүмкін көптен күткен мансаптық өсу, жобаны қорғау, қажетті рұқсаттар мен сертификаттарға қол жеткізесіз. Сондай-ақ, бұл кезең шабыт, шығармашылық белсенділік пен рухани өсу аптасы. Сіз ішкі дауысты мұқият тыңдауыңыз керек, интуиция саналы және логикалық қорытындылардан гөрі дұрыс қадамға тезірек итермелейді. Әр күніңіз қызыққа толы болады, сол себепті түрлі тосын сыйларға дайын болыңыз.


САРЫШАЯН (23 қазан – 21 қараша) Маңызды істер, шұғыл жұмыстар үшін өте қолайлы уақыт. Аптаның жұмыс күндерінде немқұрайлылық пен баяу реакцияларды тудыратын қайшылықты жағдайлар туындауы мүмкін. Жеке өмірге, қарым-қатынастағы екіұшты жағдайларға қатысты барлық мәселе айдың аяғында сәтті түрде нақтыланып, өз шешімін табады. Ақшаны жұмсар кезде сақ болыңыз – жоғары импульстің әсерінен мүлдем қажетсіз затты сатып алып қоюыңыз мүмкін.


МЕРГЕН (22 қараша – 21 желтоқсан) Бұл күндер - шабыт, парадокс және таңғажайып идеялар аптасы. Қоршаған ортаға, басқа адамдардың ойлары мен эмоцияларына сезімталдықтың артуын байқайсыз. Әлеуметтік іске асыруға қатысты мәселелердің көпшілігі сәтті шешілетін болады.


ТАУЕШКІ (22 желтоқсан – 20 қаңтар) Достарыңызбен және бір ұстанымдағы жандармен көбірек қарым-қатынас жасап әрі сізге ұнайтын адамдардың арасында бола отырып, сіз өзіңіздің ең қиын сұрақтарыңыз- ға қажетті анықтамаларды таба аласыз. Болып жатқан оқиғалардың шынайы себептері ашылады, көптен бері шешімін таппаған мәселелерге жауаптар табылды.


СУҚҰЙҒЫШ (21 қаңтар – 19 ақпан) Бұл күндері байланыстың, қарым-қатынастың, танымалдылықтың артуына ықпал ететін әдеттен тыс жағдайлар болады. Мүмкін сізге және сіздің айналаңызға әсер ететін маңызды ақпарат өміріңізге септігін тигізуі мүмкін.


БАЛЫҚТАР (20 ақпан – 20 наурыз) Ақшаға, ірі сатып алымдар жасауға, сақтандыруға, салықтарға, өсиеттерге және бірлескен ресурстарға қатысты мәселелерді шешуге қолайлы уақыт. Мистицизмге, сырға, емшілікке, парапсихологияға, дінге сондай-ақ философияға қызығушылық артып келеді. Осы тақырыптарға байланысты сіз өзіңізге жаңа мүмкіндіктер ашасыз.


Әзірлеген Ақтолқын ҒАЛЫМҒАЗЫҚЫЗЫ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04