ffin.kz

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ (31 наурыз – 6 сәуір)

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ  (31 наурыз – 6 сәуір) kartinkin.net

ТОҚТЫ (21.03– 20.04) Өкпе-реніштерден тазаратын апта. Тағдыр сізге жақсы көңіл-күй сыйлап, қуанышты жаңалықтар әкеледі. Ойыңыз да, келбетіңіз де жақсарады. Мақсатыңыз айқын болса, армандаған дүниелерге қол жеткізесіз. Жұмыста сізге тәуелді немесе сізбен бірге істейтін адам біраз шу шығаруы мүмкін. Қолыңыз тимей, қауырт жұмыс көп болмақ. Ерігуге уақыт қалмайды. Осындай сәттерде тұрмыстағы мәселелерге абай болғаныңыз жөн.


ТОРПАҚ (21.04 – 21.05) Бұл апта сіз үшін сынақ уақыты болмақ. Материалдық жағдайыңызда қиындықтар туындайды. Жақындарыңызға сыйлықтар алып, қарыздануыңыз әбден мүмкін. Алайда, өзіңізге сенімділік жинап жолыңызда көлденең тұрған мәселенің басын ашыңыз. Жақын адамыңызбен алыс сапарларға шығыңыз. Осылайша жеке өміріңізде қуантарлық жағдайлар көбейері сөзсіз.


ЕГІЗДЕР (22.05 – 21.06) Наурыз айының соңғы күндері үйреншікті дүниеден бас тартасыз. Араласатын адамдарыңыздың шеңбері өзгереді. Адамдарға, жұмысқа ғана емес, сонымен бірге өмір салтына ұстанымыңыз өзгереді. Аспай-саспай көп нәрсені ойланып, демалуға көңіл бөлесіз.


ШАЯНДАР (22.06-22.07) Жұмыс күндері қолыңызға қомақты қаржы түседі. Жұмысыңыздың арқасында бай-қуатты адамдармен қатар жүресіз. Кәсіби салада қызықты адамдармен танысасыз. Бұрынғы танысыңызбен табысты шарт жасайсыз. Тартымды адамдармен кездесу күтілуде.


АРЫСТАН (23.07 – 21.08) Апта басында бәсекелестеріңізге қарсылық танытуға мәжбүрсіз. Өзіңіз ұзақ күткен жұмыспен айналысу мүмкін болмайды. Айналаңыздағы адамдарға талап көп болмақ. Сапар жоспарлайсыз. Бірақ туындаған жағдайлар сапарды іске асыруға мүмкіндік бермейді. Жеке өмірде түсініксіз жағдай орнайды.


БИКЕШ (22.08 – 23.09) Сізге сәл де болса тынығатын уақыт жетті. Қиын сынақтар артта қалды дей беріңіз. Дегенмен, біраз мәселе шешілмесе де, ол мазаңызды алмайды. Бірақ сіз күшті сынақтан өтіп, шынықтыңыз. Сондықтан да көптеген бикештердің өмірі өзгереді. Өз өміріңіз жайлы ешкімге тіс жармайтын боласыз.


ТАРАЗЫ (24.09 – 23.10) Осы аптада көп күшіңізді кетірген жұмыстан бәлендей нәтиже көрмейсіз. Міне, енді шешіледі деген нәрсеңіз тағы бәз қалпына түседі. Өзгенің уәдесіне сене бермеңіз. Тіпті, ең сенімді деген серіктесіңізге де сенім артпаңыз. Өйткені, көп нәрседен көңіліңіз қалады. Көп еңбектенуге тура келеді. Кез келген нәрсеге қаржы құюға дайын болыңыз.


САРЫШАЯН (24.10 – 22.11) Бұл күндері бірлесіп істеген жұмыс жемісін береді. Ортақ мақсат, шаруа, міндеттер, қызықты болмақ. Шығармашылық әлеует жоғары деңгейде. Сіздің өміріңіз маңызды бетбұрыс, өзгерістер ықпалында тұр. Сәуірде материалдық жағдайыңызды жақсартасыз.


МЕРГЕН (23.11 – 21.12.) Демалыс күндерін достарыңыз бен туыстарыңызбен жиі кездесуге арнаңыз. Сол сәттерде тұрмыс жағдайыңыз біршама реттеліп қалуы да мүмкін. Қаржы мәселесі өзіңіздің бақылауыңызда болмақ. Жеке өмірде қасыңыздағы адамның түсіністігі мен қолдауы сізге қажет болмақ.


ТАУЕШКІ (22.12 – 20.01) Бұл күндері көзқарасыңызды өзгерткіңіз келмейді. Өзіңіздің пайымдауыңызды әрқашан алға қоясыз. Айналаңыздағы адамдарға күдікпен қарайсыз. Осының әсерінен өзіңіз ғана жапа шегіп, қиналуыңыз әбден мүмкін. Жаңа өмірдің есігін ашуға болатын сәтті жіберіп алмаңыз.


СУҚҰЙҒЫШ (21.01 – 18.02) Осы аптада олжаға кенелесіз. Мансабыңыз өсу үшін басшылықты қабылдап, құрметтеуді үйренуіңіз керек. Ал артық эмоциялар жағымсыз жағдайға әкелуі мүмкін. Жағымсыз эмоцияларды ішіңізде сақтауға тырыспаңыз, дегенмен қасыңыздағы серіктесіңізге де ашуыңызды көрсетпегеніңіз абзал.


БАЛЫҚТАР (19.02 – 20.03) Сәуір айында маманға жүгініп немесе жақын досыңызбен сөйлескеніңіз дұрыс. Осылайша жұлдыз белгісі қажетсіз уайымнан құтылып, жақын жандармен қарым-қатынастарын сақтайды.


Әзірлеген Ақтолқын ҒАЛЫМҒАЗЫҚЫЗЫ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35