ТОҚТЫ
Тоқты белгісінде туған жандар үшін қыстың соңғы айы белсенді болады. Келер аптада Тоқты өзін сенімдірек сезініп, жүрегі тыныштала түседі. Жұмыс барысындағы қарбалас азайып, барлық ісі жүйелі жүреді. Тоқтының бойындағы шынайылық, шыдамдылық оның ішкі күйінің тұрақтануына көмектеседі. Жұлдыздар Тоқтыға осы аптада көпшіліктен аулақ болуға, иммунитетті күшейтуге кеңес береді.
ТОРПАҚ
Торпақ келер аптада тәуекелге барудан қорықпауы керек. Қорқынышты жеңу мен бойдағы еркіндік оған сенімділік береді. Ол өткен-кеткен қателерін түзеуге тырысса, көп ұзамай қаржылық мәселелері шешіліп, табысқа жетеді. Сүйікті адамымен қарым-қатынаста нәзік әрі шыдамды болған абзал. Денсаулықты жақсарту үшін дәрумендер мен микроэлементтер қабылдаңыз.
ЕГІЗДЕР
Егіздерге келер аптада жаңа достар, іскер серіктестер және махаббатын кездестіруге таптырмайтын уақыт. Жалпы, ақпан айы егіздерге жаңа таныстық үшін қолайлы болмақ. Қызметте жақсы жетістіктерге жетуге деген мүмкіндік туады. Ең үлкен жетістікке кәсіпкерлер мен ғалымдар қол жеткізеді. Алдағы аптада өзіңізді керемет сезінесіз, бірақ шамадан тыс эмоционалды болмауға тырысыңыз.
ШАЯН
Шаян белгісіндегі жандардың ішінде әдеттегіден де көп жауапкершілікті мойнына алуға тырысқандар жаңа лауазымға ие болып, қаржы мен беделді нығайтуы әбден мүмкін. Ал айналадағы адамдармен қарым-қатынас тұрғысынан қатты үміт күтпеңіз. Көңіл күй мен денсаулық жақсарады, сондықтан жаттығуды кесте бойынша емес, көңіл көтеру үшін жасаңыз.
АРЫСТАН
Келесі аптада Арыстанның эмоционалдық жағдайы бірқалыпты болады. Бұл күш жинауға және қысқы циклді тиімді аяқтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде арыстан өзін-өзі талдау арқылы түбегейлі өзгерістер кезеңіне өтуі мүмкін, бұл жұмыстың, кәсіптің, романтикалық серіктің және өмірлік жоспарлардың өзгеруіне әкеледі. Айдың толуы пікірлес адаммен кездесуге көмектеседі, мансап мәселелерімен ақпанның екінші жартысында айналысқан дұрыс. Денсаулық пен қаржы қиындық тудырмайды. Белсенді, еңбекқор болыңыз және бір қадам болса да артқа шегінбеңіз.
БИКЕШ
Келер аптада Бикештің өмірінде көптеген қызықты адамдар жиналуы мүмкін. Жұмыс барысында кішігірім кикілжіңдер, даулар және бәсекелестік болуы ықтимал. Мұны конструктивтік диалог арқылы шешуге болады. Шыдамдылық танытсаңыз, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізесіз. Ақпан айында денсаулығыңызда кінәрат болмайды.
ТАРАЗЫ
Таразылардың қарым-қатынастағы жай-күйі келер аптада наразылыққа және белсенділікке толы болады. Жағдайды ушықтырмаңыз, сабырлы болыңыз. Таразы жұлдызында туғандарды бұл кезеңде қаржы, қызмет және кәсіпте сәттілік күтеді. Жұлдыздар ұзақ сапарға шығуға кеңес бермейді, бірақ қала сыртында демалуға болады. Таза ауада серуендеу иммундық жүйені нығайтады және өзін-өзі дамыту үшін ресурс береді.
САРЫШАЯН
Сарышаяндар үшін ақпанның соңы ойын-сауық пен демалысқа арналады. Жұмыс пен қаржы жағдайы тұрақталады, әсіресе қаңтарда еңбек еткендер үшін табысты болады. Сарышаяндарды махаббат пен отбасы мәселе сінде жағымды сәттер күтіп тұр. Үйге қажетті заттар сатып алу жоспарын өзгерту және балалардың болашағына қатысты талас-тартыс болатыны рас. Мұндайда романтикалық кеш ұйымдастырыңыз және бар мәселені сол сәтте шешіңіз. Суық тиіп қалмас үшін және қыстың соңын жақсы аяқтау үшін зімбір шайы мен дәрумендер ішіңіз.
МЕРГЕН
Мергендер алдағы аптада отбасының, серігінің, жақын туыстарының мәселелерін шешуге мәжбүр болады. Бұл жүкті жалғыз көтермес үшін, жауапкершілікті бөлісіңіз. Мергендер жұмысына бар ынтасымен кіріседі. Нәтижесінде қаржылық жағдайы жақсарады, мансап жолында өседі, әріптестері мен басшылық тарапынан құрметке ие болады. Сүйіспеншілік пен романтикаға әлі де күш-қуаты, құштарлығы бар жандар махаббатын табады.
ТАУЕШКІ
Жалпы ақпан айы Тауешкілер үшін бірқалыпты өтеді. Тек махаббат пен қарым-қатынас айналасында жалын тұтануы мүмкін. Бойдақтар жан-тәнімен ғашық болады, ал сүйіктісі бар адамдар интригаға тап болады. Ер адамның сүйіктісін таң қалдыруға жасаған романтикалық әрекеттері шығынға ұшыратады, ал Тауешкі белгісіндегі әйелдер сыртқы келбетін жақсартуға назар аударып, жұмысты ұмытады. Ақылға қонымсыз дүниелерді жасаудан аулақ болу керек. Қаржыңыз бен денсаулығыңызды бақылауға алыңыз.
СУҚҰЙҒЫШ
Суқұйғыш келер аптада қаржы, мансап және өзін-өзі дамыту жағын ретке келтіруі керек. Ақпан айының соңында осыған қатысты мүмкіндіктер болады. Керемет көңіл күй, табиғи сүйкімділік және харизма ақша мен беделге ие болуға көмектеседі. Басшылықтың сенімі артады, балаларға және хоббимен айналысуға уақыт табылады.
БАЛЫҚТАР
Балықтардың өмірінде жаңа мағына мен мақсат пайда болады. Ескі дүниелер өткеннің еншісінде қалады, табыс көзі, мүдде, сыртқы келбет өзгереді. Балықтар өзгеріске бет бұрады, қарым-қатынасқа шынайылық сыйлаңыз, серігіңізге қысым жасамаңыз. Демалып, денсаулығын жақсартқысы келетін жандар моншаға, саунаға және бассейнге баруы керек. Апта өте белсенді өтеді әрі оның нәтижесі бәрін өзіңіз жасағаныңыз үшін мақтауға тұрарлық болады.
Әзірлеген Айнұр СЕНБАЕВА