AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Жұлдыз-жорамал (17 – 24 ақпан)

Жұлдыз-жорамал (17 – 24 ақпан)

Керек кеңес 17.02.2022, 05:04 5,370
Жұлдыз-жорамал  (17 – 24 ақпан)
9111.ru

ТОҚТЫ 
(21 наурыз – 20 сәуір)
Бұл күндері өзіңізге ғана сеніңіз. Дұрысы, сізге күрделі  жоспарларыңызға және өміріңіздегі жаңа өзгерістерге аса  көңіл бөлу қажет. Сабырлы болыңыз, көп жетістікке жетесіз. Қаржылық жағдайыңызға көңіл бөліңіз. Жақындарыңызға да жәрдемдесуді естен шығармағаныңыз абзал. Жұмыста, жеке өміріңізде көптеген қиындық туындауы мүмкін.


ТОРПАҚ 
(21 сәуір – 21 мамыр)
Өз күшіңізге сеніңіз. Болашақта табысқа жеткіңіз келсе, дүрбелеңге салынбауға тырысыңыз. Табандылығыңыз  дәрежеңіздің өсуіне жағдай жасайды. Кешкі уақытыңызды сүйіктіңізбен өткізіңіз.


ЕГІЗДЕР 
(22 мамыр – 21 маусым)
Осы аптада жолыңыз болады. Бұған дейінгі барлық  қиындығыңыз өз шешімін тауып, ренжісіп жүрген адамдарыңызбен татуласасыз. Уақытты ұтымды түрде пайдаланыңыз. Жоспарлаған жұмыстарыңыз сәтті өтеді.


ШАЯН 
(22 маусым – 22 шілде)
Сіз үшін қарбаласқа толы апта болмақ. Егер отбасылы болсаңыз, тұрмыстық жауапкершіліктің жүгі артады. Үй  тірлігіне қатысты шаруалар шаш-етектен. Жұмысбастылығыңызға қарамастан, сүйіктіңіздің көңілінен шығуға тырысыңыз. Қаржылық жағынан қуанышты хабар түсіп, қалтаңыз қампаятын болады.


АРЫСТАН 
(23 шілде – 23 тамыз)
«Өмір өткелдерден тұрады, оны өжеттер ғана бұзады»  дегенді естен шығармаңыз. Мақсатқа жету қашан да оңай  емес. Жұмыстағы қиындықтар сүйіктіңізбен арадағы байланысқа да кедергісін келтіруі мүмкін. Қай істе де сабыр сақтаңыз. Бұл аптаның сізге тартар сыйы бар, жағымды жаңалық күтіңіз. Көп уақытыңызды достарыңызбен өткізуге тырысыңыз. 


БИКЕШ 
(24 тамыз – 22 қыркүйек)
Жұлдыздар бикештерге демалыс күндері тыныш, жайлы өмір сүруді ұсынады. Өзіңізге демалыс жариялап, ішкі  жан-дүниеңіздің қалыпқа келуін қадағалаңыз. Мол күш-қуат жинау үшін отбасыңызбен немесе достарыңызбен  көбірек болыңыз. 


ТАРАЗЫ 
(23 қыркүйек – 22 қазан)
Жұмыс күндері белсенділік танытып, жеке бастың  жағдайына көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Сыртқы келбетіңіз бен киім киісіңізге, тіпті, шаш үлгіңізге де өзгеріс енгізіп, 
күтіміңізді күшейтсеңіз, артық емес. Спорт – денсаулық  кепілі, таразылар жаттығу алаңдарынан табылып жатса, құба-құп.


САРЫШАЯН 
(23 қазан – 21 қараша)
Сарышаяндар үшін бұл күндер жұртшылық назарының  нысанына айналғалы тұр. Көпшілік арасынан ерекшеленіп,  көзге ілігесіз. Мүмкін, бұл сіздің әлеуметтік немесе кәсіби  дәрежеңіздің өсуіне байланысты болуы ықтимал. Мысалы, сізге жақсы қызмет ұсынуы мүмкін немесе тұрмыс құруға ұсыныс түсіп, тойдың кейіпкері атануыңыз да ғажап емес.


МЕРГЕН 
(22 қараша – 21 желтоқсан)
Кез келген күрделі және маңызды тапсырманы қабылдамас бұрын, оны орындауға уақытыңыздың бар-жоғына көз жеткізіп алыңыз. Осы аптада сәттілікке жететініңізге сенімді боласыз. Алайда, әр күніңіз сіз үшін жағымды жаңалықтарға толы болмайтынын естен шығармағаныңыз  жөн.


ТАУЕШКІ 
(22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Алға қойған жоспарларыңызға қажетті ақыл-кеңестерді жақындарыңыздан сұрап біліңіз. Бұл ақпарат алдағы уақытта өте қажет болуы мүмкін. Ескі суреттерді бір қарап шығыңыз, өзіңіз жақсы болып қаласыз. Мұнымен қатар, дәл қазір жалғыз қалып, миыңызды тынықтыратын уақыт.


СУҚҰЙҒЫШ 
(21 қаңтар – 19 ақпан)
Сұйқұйғыштарға аянбай еңбек етуге тура келіп тұр. Айналаңыз ақпаратқа толы. Әсіресе, жағымсыз жаңалықтар жүйкеңізді жұқартады, бірақ оның бәріне төтеп беру  сіздің мықтылығыңызға байланысты. Сүйіктіңізбен ара  қатынасыңыз жақсарып, махаббат әлеміне аттанасыз.


БАЛЫҚТАР 
(20 ақпан – 20 наурыз)
Аптаның алғашқы күндері өзіңіздің ерекше қасиеттеріңізді көрсетесіз. Жұлдыздар уақытыңызды үнемдеп, нақты материалдық қиындықтарды шешуіңізге кеңес береді. Көптен бері жаңа іс бастағыңыз келіп жүр. Ендеше, тартынбаңыз. Ойыңызды жүзеге асыру үшін бар болғаны күн тәртібін ретке келтіргеніңіз жөн.


Әзірлеген Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жұлдыз #Жорамал #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);