AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / ЖРВИ жұқтырғандар азайып жатыр: елімізде сырқаттан...

ЖРВИ жұқтырғандар азайып жатыр: елімізде сырқаттану деңгейі бір аптада 1,7 есе төмендеді

Медицина 09.12.2025, 16:12 963
ЖРВИ жұқтырғандар азайып жатыр: елімізде сырқаттану деңгейі бір аптада 1,7 есе төмендеді
almaty-akshamy.kz

Қазақстанда ЖРВИ бойынша эпиджағдай тұрақталып келеді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, кейінгі аптада жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 198 532 жағдайы тіркелген. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,7 есе төмен.

Эпидмаусым басталғалы бері 2 295 адамның тұмаумен ауырғаны зертханалық түрде расталды. Ал тұмауға қарсы 2 268 891 адамға вакцина салынған, бұл республика халқының шамамен 11 пайызына тең.

Қазіргі тәулікке дейінгі жағдай бойынша 269 мектептегі 25 850 оқушы қашықтан оқу форматына ауыстырылған. Комитет дерегінше, бір тәулік ішінде қашықтан оқуға жіберілген оқушылар саны 73,5 пайызға, ал қашықтан оқуға ауысқан мектептер саны 40 пайызға азайған.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шараларын қатаң сақтауды еске салды. Атап айтқанда:

  • сырқат адамдармен қатынасты шектеу, науқастарды оқшаулау;

  • адамдар көп жиналатын орындарға бармау, жабық бөлмелерде маска тағу;

  • жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды салфеткамен жабу;

  • үй-жайды және жұмыс орындарын тұрақты түрде желдету;

  • қолды жиі әрі мұқият жуу ұсынылады.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЖРВИ #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);