Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Жоқтау» фильмінің трейлері шықты

«Жоқтау» фильмінің трейлері шықты

Мәдениет 13.09.2023, 14:15 1,156
«Жоқтау» фильмінің трейлері шықты
Сурет: Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі

«Жоқтау» – Аруан Анартаевтың дебюттік толықметражды фильмі.


Режиссер 2020 жылы «Ыстық көл» атты алғашқы қысқаметражды фильмін де Киноорталықтың көмегімен түсірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Жаңа картина ұзақ уақыт бойы шетелде өмір сүріп жүрген және өзін нағыз шетелдік азамат сезінетін жас қазақстандық ғалымның тарихын баяндайды. Күндердің күнінде тағдырын айқындайтын шешім қабылдамас бұрын, ол туған жеріне маңызды саяхат жасау үшін оралады…



«Бұл әр көрерменге әсер ете алатын өте жеке оқиға. Өйткені, фильм көтеретін «біз кімбіз, қайдан келеміз және қайда барамыз?» деген сұрақтар әр адамның жүрегінде орын алған», - дейді картинаның продюсері Аружан Досымқожа.



Басты рөлдерде Ермек Шынболатов, Исбек Әбілмажинов және Ирина Баркова ойнайды. Камераның тізгінін қазақ киносындағы азғана оператор қыздардың бірі – Айгүл Нұрболатова ұстады. Қоюшы-суретші – Аяна Нұрдинова. Фильмнің продюсерлері – Аружан Досымқожа және Александра Сытник. Фильмнің композиторы Санжар Бәйтереков.


Фильмнің түсірілімі өткен жылдың күзінде өтті. Кинокартинаның авторлары туындыны халықаралық фестивальдерге жіберуді жоспарлап отыр.


«Жоқтау» толықметражды көркем фильмі «Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы» КЕАҚ көмегімен түсірілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жоқтау #фильм #трейлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика