AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / JOLTAP жобасы жаңа мүмкіндіктер ұсынады

JOLTAP жобасы жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Әлеумет 15.07.2025, 14:48 548 Bakyt
JOLTAP жобасы жаңа мүмкіндіктер ұсынады
gov.kz

Астанада жұмыссыздықты азайту және халықтың табысын арттыру мақсатында қолға алынған JOLTAP жобасы табысты жүзеге асуда. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды. Қала көшелерінде «Баршаға мүмкіндік» атты модульдік пункттер ашылып, тұрғындарға түрлі салада тегін білім алуға және мемлекеттік қолдауға ие болуға жағдай жасалған.

JOLTAP аясында елордалықтар сатушы-кассир, тігінші, бариста, бухгалтерлік есеп, автослесарь, полимерлі бояу маманы, Wildberries және Kaspi платформаларында сауда жасау негіздері секілді бағыттарда қысқамерзімді курстардан өте алады. Курстарға 18 бен 50 жас аралығындағы тұрғындар қатысып, цифрлық және жұмысшы мамандықтарды тегін меңгеру мүмкіндігіне ие.

Жобаның сәтті қатысушыларының бірі – Әзиза Баубекова. Ол Kaspi дүкенінде сауда жасаудың негіздерін оқып, онлайн дүкен ашу, салық төлеу, есеп тапсыру секілді дағдыларды меңгерген. «Instagram-нан осы жоба туралы оқыдым. Жақын маңдағы модульдік пунктке барып, мамандардан кеңес алдым. Курста оқытушылар бізге барлық тақырыпты қарапайым тілде жеткізді», – дейді ол.

Негізгі қызметі – ағылшын тілінен сабақ беру болса да, Әзиза тігін ісімен де айналысады. Енді ол өз қолынан шыққан бұйымдарды Kaspi дүкені арқылы сатуды жоспарлап отыр.

Жоба қатысушысы JOLTAP туралы жылы пікірін де білдірді: «Бұл – өте пайдалы әрі тегін жоба. Жаңа орта, жаңа таныстар және шабыт алдым. Осындай бастамалар көбірек болса екен», – дейді ол.

JOLTAP жобасы – елордалықтар үшін жұмысқа орналасу, жаңа мамандық меңгеру, кәсіп ашу сияқты маңызды бағыттарда нақты көмек беріп жатқан ауқымды бастама. Мұндай жобалар Астана тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық белсенділігін күшейтуге жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#JOLTAP #астана #тегін оқыту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);