AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жол жүру ережелері мектепте оқытылуы мүмкін

Жол жүру ережелері мектепте оқытылуы мүмкін

Білім және ғылым 04.02.2026, 15:15 302 yakiya
Жол жүру ережелері мектепте оқытылуы мүмкін
Сурет: Ortcom.kz

Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға 10,11-сынып оқушыларының оқу бағдарламасына жол қауіпсіздігі ережелері курсын енгізу туралы деепутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Депутаттың айтуынша, өкінішке қарай, соңғы жылдары елімізде жол-көлік оқиғаларының жиілеп кеткені барша жұртты алаңдатып отыр. Соның салдарынан бүтіндей бір отбасының қара жамылып қалған жағдайларынада куә болып жүрміз.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің дерегіне сүйенсек, 2025 жылы елімізде 36 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Аталған оқиғалардың кесірінен 2,3 мың нан астам азамат қаза тапса, 49,2 мыңы жарақат алған. Салдарынан жүзден астам адам мүгедектер арбасына таңылып қалды. Олардың көпшілігі бүгінгі күні өздігінен өмір сүру қабілетінен айырылып, өзгенің көмегіне мұқтаж күйде қалып отыр. Бұл қатарда ел болашағы саналатын балалар мен жастардың да бар екені бізді ерекше алаңдатады.

- Қазіргі уақытта қоғам талқысына ұсынылып отырған Конституцияның жаңа жобасының 1-бабының 1-тармағында «Адам  ең жоғары құндылық»,- деп нақты көрсетілген. Ендеше ең басты құндылық саналатын азаматтардың өмірін қорғау, әсіресе жол үстінде төнетін қауіптің алдын алу мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болуы тиіс. Осы тұрғыда ең алдымен балаларға жол қозғалысы ережелерін міндетті түрде меңгертіп, оларға «аман қалуды» емес, саналы әрі қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруымыз қажет. Жолдағы қауіп пен өлім-жітім — тұрмыстық деңгейдегі мәселе емес. Бұл — халықаралық тәжірибеге, ғылыми тәсілдерге және азаматтардың өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыратын жүйелі мемлекеттік саясатты талап ететін күрделі проблема, - деді депутат.

Осы орайда Наурыз Сайлаубай Үкіметке бірқатар ұсыныстар жасады. 

- Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін орта мектептерінде оқушылар үшін «Авто ісі және жол қозғалысы қауіпсіздігі» атты факультативтік курсты жаппай енгізу; Түрлі цифрлық қосымшалар арқылы қалааралық такси қызметін көрсететін тұлғаларды анықтап, оларға тасымалдаушы лицензиясын беру, жүргізушілердің міндетті медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету қажет. Сонымен бірге, еңбек және демалыс режимін сақтауды бақылау, қажет болса жолаушыларды да тиісті деңгейде сақтандыруды цифрлық агрегаторлар арқылы жүзеге асыру;  Жүргізуші куәлігін беру мақсатында қызмет көрсететін білім беру орталықтарының жұмысын күшейтілген тәртіпте қадағалап, олардың жол қозғалысы ережелерін оқыту барысында қоғамдық өмір үшін аса маңызды жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруына басымдық беру керек. Біздің мақсатымыз қағаз жүзіндегі есептер емес, адам өмірін нақты сақтау,  - дейді депутат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);