AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жоғарғы Сот Азық-түлік корпорациясының тендер қоры...

Жоғарғы Сот Азық-түлік корпорациясының тендер қорытындысын жойды

Заң мен тəртіп 16.05.2025, 11:20 721 Bakyt
Жоғарғы Сот Азық-түлік корпорациясының тендер қорытындысын жойды
Cурет: freepik.com

ҚР Жоғарғы Сотының 2025 жылғы 6 наурыздағы қаулысымен «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ ұйымдастырған тендер қорытындысы заңсыз деп танылып, компанияға оны қайта қарау міндеттелді. Іс «Каспий» тауар биржасы» АҚ-ның шағымы негізінде қаралған.

Даудың мәні – 2024 жылғы 24 сәуірде жарияланған тендерде астықпен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру қызметтерін сатып алу нәтижесі. Бұл тендерде «Каспий» биржасы» АҚ-ның өтінімі қабылданбай, жеңімпаз ретінде «Еуразиялық сауда жүйесі» (ЕСЖ) биржасы таңдалған болатын. Жоғарғы Сот аталмыш шешімде заң талаптарының бұзылғанын, атап айтқанда өтінімнің ресми емес негіздер бойынша қабылданбағанын анықтады.

Сот шешімі бойынша Азық-түлік корпорациясы бір ай ішінде тендер нәтижелерін Жоғарғы Соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып қайта қарауы тиіс. Сонымен қатар, талапкердің пайдасына мемлекеттік баж салығы да өндірілді.

Айта кетейік, бұған дейін сәуір айында мемлекеттік резервтен бидай сату ЕСЖ биржасында жалғасып жатқандығы жөнінде ақпарат тараған еді. Бұл сауда-саттық аталған сот процесіне себеп болған болатын.

Керек дерек

«Каспий» тауар биржасы» АҚ – мұнай өнімдері, көмір, цемент және өзге де тауарлармен сауда жасауға маманданған Қазақстанның жетекші биржалық алаңы. Биржа EUROPEX – Еуропалық энергетикалық биржалар қауымдастығының мүшесі, S&P Global рейтинг агенттігінен ең жоғары ESG бағасын алған, БҰҰ Жаһандық шартының толыққанды қатысушысы. Сонымен қатар, KASE қор биржасының ресми листингіне енген Қазақстандағы жалғыз тауар биржасы болып саналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #азық-түлік #тендер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);