Жобалаушы компаниялар КТЖ-не арналған қондырғыларды шығаратын отандық өндірушілермен кездесті

Жобалаушы компаниялар КТЖ-не арналған қондырғыларды шығаратын отандық өндірушілермен кездесті Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы «Атамекен» ҰКП бірлесіп, В2В форматында жобалаушы компаниялар мен кәріз тазарту жүйелеріне арналған жабдықтарды дайындайтын отандық өндірушілермен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кездесу ҚР Үкіметі қабылдаған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы бойынша КТЖ жобаларын іске асырудың орталық үйлестірушісі ретінде ұйымдастырылды. Іс-шара жобаларды іске асыру процестерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ КТЖ салып, жаңғырту мәселелеріне бизнесті тартуға, отандық өндірушілердің жобаларына барынша қатысып,қолдауға бағытталған.


Қатысушылар жобаларды іске асыру мәселесінде «Қазорталықтың» ашық ұстанымының маңыздылығын атап өтті және осындай іс-шараларды тұрақты негізде ұйымдастыру қажеттігін, осы арқылы тиімді шешімдерді анықтау үшін сала қатысушыларының хабардарлығын, тартылуын және бәсекелестігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.


Қазір өңірлерде қолға алынған КТЖ-не байланысты 68 жоба туралы мәлімет орталықтың сайтында қолжетімді екенін айта кетейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:49

09:20

09:10

17:56

17:43

17:26

17:13

17:01

16:44

16:33

16:19

16:01

15:59

15:43

15:31

15:19

15:07

14:55

14:38

14:26

14:18

14:08

12:05

11:41

11:23