AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жігерді жанитын – «Ауған жыры»

Жігерді жанитын – «Ауған жыры»

Әлеумет 15.02.2025, 16:18 1,136
Жігерді жанитын – «Ауған жыры»
ҰҚК Шекара қызметі

14 ақпанда Ауған соғысы және тәжік-ауған шекарасының ардагерлері ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы шекара басқармасына барып, жат елдің шекарасында ерлікпен қаза тапқан қаруластарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, департаменттің шекара бөлімшелерінде Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен жас сарбаздарға арналған «Ерлік сабағы» өтті.

Өткен тарихқа үңілсек, осыдан 36 жыл бұрын Кеңес әскері Ауған жерінен шығарылды. Ал 2001 жылдың 8 ақпанында тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстар тоқтап, қазақстандық бітімгершілік батальоны өз миссиясын аяқтаған болатын. Содан бері елімізде Ауған соғысының және «ыстық нүктеге» баланған тәжік-ауған шекарасының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, жат жерде ерлікпен қаза тапқандардың есімін мәңгілік етуге арналған шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Департамент бастығы, полковник Серік Төлеуханов пен «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық және облыстық филиалдарының өкілдері – отставкадағы генерал-майор Марат Мажитов бастаған ауғандық ардагерлерді Қарасай ауданы шекара басқармасының жеке құрамы салтанатты сап түзеп қарсы алды. Жиын барысында ескерткішке гүл шоқтары қойылып, жат елде қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті.

– Шекарашыларымыз қайда жүрсе де Отанға адал қызмет етудің үлгісін көрсетіп келеді. Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеу кезінде ерен ерлік көрсетіп, құрбан болған шекарашы қаруластарымыз – біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, – деді Ауған соғысының ардагері Марат Әлімжанұлы.

Жиыннан кейін ардагерлер шекара басқармасында ұйымдастырылған шағын концерттік бағдарламаны тамашалады. Зал толы көрермендер алдында сержант Дастан Сембаев пен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенттері – Ұлан Аскер, Құзар Құмыролла, Ерсұлтан Әсетұлы, Алдияр Жүзбайұлы және Жомарт Рахымберді өнер көрсетті. Әсіресе, шекарашы өнерпаз Дастан Сембаевтың «Ауған жыры» атты Ауған соғысына 18 жасында аттанып, туған жеріне қара табытпен оралған өрімдей жас жігіттер туралы жан тебірентерлік әні залдағы әр адамның жүрегіне ерекше әсер етті.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауған соғысы #Ардагер #Құрмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);