Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісулықтар жылыжайда жаңа әдіспен құлпынай өсіре...

Жетісулықтар жылыжайда жаңа әдіспен құлпынай өсіре бастады

Әлеумет 28.01.2022, 10:23 1,673
Жетісулықтар жылыжайда жаңа әдіспен құлпынай өсіре бастады
Сурет: Gov.kz

Олар желтоқсан айынан мамыр айына дейін өнім алады.


Алматы облысы Көксу ауданында жидек өнімдерімен аудан халқын қамтамасыз ету үшін биыл алғаш рет 0,25 га жерге жаңа әдіспен құлпынай өсіріле бастады. Жылыжайда ғылым мен техника жетістіктерін қолдану арқылы оңтүстік кореялық «Сольхян» сұрпы егілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Серіктестік басшысы Светлана Зубович жылыжайда көк жуа, гүлдің сан алуан түрін өсірумен қатар биылғы жылы  алғаш рет жаңа әдіспен құлпынай егуді бастағанын айтады. Маусымдық жұмыстар кезінде 10-ға жуық адамды, тұрақты жұмыспен 2 адамды қамтып отыр. Жылыжай орналасқан Балпық би ауылы облыс орталығынан алыс емес. Сондықтан тұтынушы табуда қиындық жоқ. Себілген құлпынайдың кореялық тұқымы қыстық сорт. Желтоқсан айынан мамыр айына дейін өнім береді. 



«Биыл алғашқы өнім болғандықтан, 700 кг құлпынай алуды жоспарлап отырмыз. Құлпынай өзге көкөністер секілді көп жылуды қажет етпейді. Бар болғаны 5-6 градус жылылықта өсіп шығады. Ал қыстың аяздарында 10-15 градус жылы болса жеткілікті. Құлпынайдың үлкенінің салмағы 50-55 грамға жетеді. Өңірдегі бірден-бір құлпынай өсіретін жылыжай болғандықтан, сұраныс жоғары болады деп ойлап отырмыз. Алдағы уақытта өнімді арттыруға жұмыс жасаймыз. Дегенмен мол өнім алу үшін жылыжайдың жылыту жүйесін көгілдір отынға ауыстыру қажет. Қолбайлау болып отырған жалғыз жай осы ғана. Бұл мәселеде Көксу ауданының әкімдігі қолұшын беруге дайын екендіктерін айтты, - деді серіктестік басшысы Светлана Зубович. 



Алдағы уақытта нысанға табиғи газ тартылса, серіктестік жылыжай ауқымын кеңейтіп, қияр мен қызанақ өсіріп, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.



«Негізінен ауданда құлпынай бизнесі дамымаған, нарықта көбінесе шеттен әкелінген құлпынай саудаланады. Алдағы уақытта жидек дақылдарының, оның ішінде бақша құлпынайының ассортиментін кеңейту мен өнімділігін арттыруды мақсат етіп отырмыз. Осы жобаны жүзеге асыру арқылы аудан халқын отандық өніммен қамту мүмкіндігі артады. Жоба сәтті жүзеге асатын болса, жаңа технология өзге де елді мекендердегі фермерлік шаруашылықтарға енгізілетін болады», - дейді Көксу ауданы әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика