Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Жетісу өңірінде округ әкімдерін сайлауға 220 мыңна...

Жетісу өңірінде округ әкімдерін сайлауға 220 мыңнан астам адам қатысады

Саясат 08.07.2021, 08:19 1,597
Жетісу өңірінде округ әкімдерін сайлауға 220 мыңнан астам адам қатысады
Сурет: Bigasia.ru

Сайлау науқаны аймақтың 71 округінде өтеді.


Алматы облысындағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауына 220 мыңнан астам адам қатысады,деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.


Қазақстан Президенті сайлау заңнамасына енгізілген түзетулерге қол қойды. Оған сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері тікелей сайлау арқылы сайланатын болады. Ауыл әкімдерін сайлау 2021 жылдың 25 шілдесінде өтеді. Алматы облысында жұмыстар басталып кетті.


Сайлау науқаны аймақтың 71 округінде өтеді. Ақсу ауданы бойынша 9 әкім, Алакөл – 8, Балқаш - 6, Еңбекшіқазақ – 10, Ескелді – 1, Жамбыл – 2, Іле – 1, Қарасай – 1, Қаратал – 2, Кеген – 5, Кербұлақ – 4, Көксу - 4, Панфилов - 4, Сарқан - 3, Талғар-4, Ұйғыр-6, Текелі қаласы-1 сайланатын болады. Райымбек ауданында, Талдықорған және Қапшағай қалаларында бос округтердің болмауына байланысты ауылдық округ әкімдерін сайлау өткізілмейді. Бүгінгі күні әкімдікке 243 кандидат ұсынылды, оның ішінде 167 - өзін - өзі ұсынған, 57 - кандидатты «Nur Otan» партиясы, 13 – «Адал» партиясы, 3 – «Ауыл» ХДПП, 3-ҒПК ұсынды.


Кандидаттардың арасында мемлекеттік қызметшілер, коммерциялық құрылымдардың өкілдері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, уақытша жұмыс істемейтін қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері және басқалар бар. Облыстың аумақтық сайлау комиссиялары 188 кандидаттың қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтады, 9 кандидат сәйкес келмейді. Бүгінгі таңда бір адам өз кандидатурасын алып тастады.


Сайлауға 220 мыңнан астам адам қатысуды жоспарлап отыр. Барлығы 17 аумақтық және 198 учаскелік сайлау комиссиялары, 1451 сайлау комиссияларының мүшелері жұмылдырылды. Естеріңізге сала кетейік, әкімдікке кандидаттарды ұсыну 9 шілдеге дейін аяқталады. Кандидаттарды тіркеу 14 шілде күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #выздоровление #Казахстан #выборы #аким #Казахстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика