Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / Жетісу облысы «Патриоттар мекені» кубогының иегері...

Жетісу облысы «Патриоттар мекені» кубогының иегері атанды

Қала тынысы 27.10.2022, 15:32 1,441
Жетісу облысы «Патриоттар мекені» кубогының иегері атанды
Сурет: Ашық дереккөз

Жетісу командасы екі рет «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпазы атанды


«Жас сарбаз – Қазақстанның тірегі» форумында «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының жылдық қызметінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Аталған шараға Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев, Жетісу облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбек, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Асенов, «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, Қарулы күштердің ардагерлері, қоғам қайраткерлері, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен оқушылар қатысты.



«Қарулы күштер қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Елімізде жұмыс істеп жатқан «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысы жас азаматтардың талантын ашуға, әскери қызмет пен жауынгерлік мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді», – деді генерал-майор Серік Борамбаев. 



Форумда оқушылар мен курсанттар «Жас сарбаз» қозғалысы, өз жобалары мен жоспарлары туралы айтып берді. Жетісу облысы Алакөл ауданы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы бөлімінің төрағасы Тілек Қабылқанов өңірдегі балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға бағытталған «Patriot» жобасын таныстырды. 


Ағайынды Малика мен Мәдина Жанайдаровалар үшін қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанова үлгі тұтар қаһармандар. 2021-2022 жылдары олар «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында жүлделі орындарға ие болды. Бүгінде қыздар өз өмірін Қарулы күштермен байланыстыруды жоспарлап отыр. 


«Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері Жайық Жұмағазы мен Нұрасыл Шәріпов те жетістіктерге жетті. Олар беделді халықаралық байқаулар мен жарыстардың жеңімпаз, жүлдегері атанды. 


«Жас сарбаз» қозғалысының үйірмелеріндегі сабақтар көптеген балаларға болашақтағы мамандығы туралы шешім қабылдауға айтарлықтай әсер етуде. «Айбын-2022» республикалық жастар жиынының абсолютті жеңімпазы Сұлтан Серікұлы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты атанды. 


Айта кету керек, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының бірінші филиалы осы өңірде ашылған болатын. Жетісу командасы екі рет «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпазы атанды. Биыл «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының командасы бас жүлдені жеңіп алды. 


2022 жылы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы қызметтің қорытындысы бойынша ауыспалы «Патриоттар мекені» кубогы жетісулықтарға бұйырды. Кубокты Түркістан облысының өкілдері тапсырды. Ауыспалы марапаттың бұрынғы иегерлері жаңа жеңімпаздарды құттықтап, оларға ауқымды жобалар мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу ісінде сәттілік тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Патриоттар мекені #Жас сарбаз #Жетісу облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика