Жетісу ауданында аулаішілік су құбыры мен кәріз желілері салынып жатыр

Жетісу ауданында аулаішілік су құбыры мен кәріз желілері салынып жатыр Алматы қаласы әкімдігі

Баспасөз туры барысында Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева осылай деді. Қазір Райымбек, Сүйінбай, Рысқұлов пен Волочаевская–Тәтібеков көшелері шектескен тұста құрылыс жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әкімнің айтуынша, бұған дейін бұл аумақта орталықтандырылған кәріз жүйесі болмаған, тұрғындар суды ескі, әбден тозған желілерден алып отырыпты. Бұл коммуналдық қызметтің сапасына да кері әсер еткен.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 25 шақырымнан асатын инженерлік желі салынады. Оның 13,41 шақырымы – су құбырына,  12 шақырымнан астамы – кәріз жүйесіне арналған. Бұл шамамен 1500 абонентті осы заманғы инженерлік инфрақұрылымға қосуға мүмкіндік бермек.

Ауданда екі үлкен жоба жүзеге асырылуда. Бірінші жоба – 120-дан астам көшені қамтиды. Оның ұзындығы 97 шақырым:
•    25 шақырым – сумен жабдықтау желілері,
•    72 шақырым – су бұру желілері.
Қазір 13 шақырым су құбыры мен 14 км кәріз желісі салынып біткен.

«Қазір 5 бригада инженерлік желілер бойынша, 2 бригада асфальттау бойынша жұмыс істеп жатыр. Жоба толық аяқталмағанымен, инженерлік желілер жүргізілген көшелердегі сумен жабдықтау мен кәріз жүйесі «Алматы Су» мекемесінің қарауына берілді. Тұрғындарға жобаның толық аяқталуын күтудің қажеті жоқ. Бұл аумақта жұмыс біткен соң, біз бәрін сумен, кәрізбен 100% қамтамасыз етеміз», – деді Ләззат Жылқыбаева.

Екінші жоба бойынша:
•    25 шақырымнан асатын инженерлік желі жүргізіледі,
•    оның 13,41 шақырымы – сумен жабдықтау,
•    12 шақырымнан астамы – кәріз желісі.

Бұл жоба шамамен 1500 абонентті осы заманғы инженерлік инфрақұрылымға қосуға мүмкіндік бермек. Құрылыс-монтаж жұмыстары маусым айында басталған, 2026 жылы бітіруді жоспарлап отыр.

Қазір Потанин, Нүсіпбеков пен Ыстық көшесіндегі желі тарту жұмысы орта шегіне келіп қалыпты.

Жұмыстың басты ерекшелігі – инженерлік желілерді жүргізіп болысымен жолды бірден асфальттайды. Бұрынғы тәсілдермен салыстырғанда, қазылған жерде қайта көмуге аз уақыт кетеді, және жол толық асфальтталады, бұл тұрғындарға қолайсыздық келтірмейді.

«Жобаны іске асыру – коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, сенімді сумен қамтып, жаңа кәріз жүйесін құру. Бұл – Жетісу ауданы тұрғындарының өмір сапасын едәуір арттырады. Аудан бюджетінің мүмкіндіктері, өнеркәсіптік өсім мен орталықсыздану аясындағы жұмыстар осындай ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр», – деп түйіндеді сөзін Ләззат Жылқыбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:01

17:21

16:28

16:13

15:47

15:23

15:21

14:45

14:21

14:15

14:09

14:01

13:30

13:27

13:24

13:22

13:16

12:58

12:30

11:49

11:48

11:01

09:30

09:22

09:00