AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу ауданында 4 жылға созылған су желісі құрылы...

Жетісу ауданында 4 жылға созылған су желісі құрылысы аяқталады

Әлеумет 07.09.2023, 04:00 1,072 Almaty-akshamy.kz. 
Жетісу ауданында 4 жылға созылған су желісі құрылысы аяқталады
Сурет: ашық дереккөз

 Алматы қаласында негізгі жұмыстың басым бағыты инженерлік желілерді модернизациялау болып табылады.


Осы тұрғыдан алғанда Жетісу ауданында біршама жұмыстар жүзеге асырылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 


Ауданды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы басталған, жалпы ұзындығы 100 шақырымға жуық сумен қамту мен су бұру бойынша екі тарихи проблемалық жобаны аяғына жеткізуге күш салынған. Бүгінгі таңда «Алвис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Саяхат, Мехкомбинат және 1-ЖЭО шағын ауданында (Қазыбаев көшесі – Рысқұлов даңғылы – Тәтібеков көшесі – Райымбек даңғылы) ұзындығы 57,5 шақырым желілерді салу және жол жабынын төсеу жұмыстарын аяқтады. Барлық құжатты ресімдеуді ескере отырып, желілерді пайдалануға беру осы жылдың қазан айына жоспарланған.  


Мердігер «Электроремонт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауданның орталық және батыс бөлігін қамтитын Сейфуллин – Солтүстік айналым – Рысқұлов – Боралдай көшелерінің аумағындағы сумен қамту және су бұру желілерін салу жобасын сапасыз іске асыруы көптеген аудан тұрғындарының наразылықтарын тудырды. Бұл мердігер өткен жылы әкімдіктің талап-арызы бойынша қызметтердің жосықсыз өнім берушісі болып танылған.  Әкімдік қабылдаған шаралардың нәтижесінде 36 шақырымнан 31 шақырымға дейін желідегі жұмыстар аяқталды. Жол жабыны қалпына келтірілді. Қалған 8 шақырым бойынша жұмыстар осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталып, жол жабыны қалпына келтіріледі.   



Бұған дейін сіздерге уәде бергенімдей, осы жылдың маусым айынан бастап ұзындығы 80 шақырым сумен қамту және 71 шақырым кәріз желілерін салу бойынша екі жаңа ірі инфрақұрылымдық жоба қолға алынды.  Биыл біз 14 шақырым сумен қамту және 18 шақырым су бұру желілерін салуға ниеттіміз.


Осы жылдың маусым айында мердігерлермен: бірінші жоба бойынша Кемел шағын ауданында жалпы ұзындығы 69 шақырым (су - 60,2 шақырым, кәріз - 8,7 шақырым желі) жобаны іске асыру үшін «АлматыИнжСтрой» компаниясымен (жобалаушы «Бірлік» ЖШС), екінші жоба бойынша сіздердің аудандарыңызда  ұзындығы 82 шақырым (сумен қамту - 19,4 шақырым, кәріз - 62,1 шақырым) желілерді салу үшін мердігер «НКО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (жобалаушы «КазСанТехПроект» ЖШС) келісімдерге қол қойылды, -деді қала әкімі.  



Осы жобаларды тиімді іске асырудың арқасында Кемел шағын ауданын, Солтүстік айналымның шығыс бөлігі мен Палладин көшесіндегі сайды орталықтан сумен жабдықтау және су бұру желілерімен қамту 2024 жылдың желтоқсан айында аяқталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);