Жетісай диқандары 25 тонна қарбызды экспорттауға дайын

Жетісай диқандары 25 тонна қарбызды экспорттауға дайын Cурет: Ашық дереккөз

Қарбыз бір-екі күн көлемінде Ресейге жөнелтілмек


Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округіне қарасты Жемісті ауылында 1 гектар алқаптан 25 тонна қарбыз Ресейге экспортталуға дайын тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарбыз тамшылатып суғару әдісімен өсірілген.



«Тамшылатып суғарудың пайдасы мол екен. Жыл сайын 6 мың түп егетін едім, осы әдіспен биыл 8 мың түп шықты. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға мүмкіндік береді. Тамшылатып суғарудың тағы да бір артықшылығы – тыңайтқыш 5-6 есе аз кетеді. Қол күшін де көп қажет етпейсің. Қарбыздың 60-65 күнде пісетін «Долбый» атты сортын сәуір айында ектік. Қазір бағасын келіссек, 25 тоннадан астам қарбызды үзейін деп жатырмыз. Бұған дейін келісіне 210 теңге ұсынып кетті, бұл бағадан 20-30 теңгеге жоғарылау бағаны көздеп отырмын», – дейді «Атымтай» шаруа қожалығының төрағасы Атымтай Омаров. 



Қарбыз бір-екі күн көлемінде Ресейге жөнелтілмек.


Айта кетейік, биыл Жетісай ауданы бойынша 17 мың гектарға бақша дақылдары егілген. «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 1100 гектар аумақта 236 жоба іске асырылып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:10

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44