AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Жерде қырау, елде тұмау,  бірақ қар жоқ...

Жерде қырау, елде тұмау,  бірақ қар жоқ...

Керек кеңес 16.11.2023, 10:35 2,292
Жерде қырау, елде тұмау,  бірақ қар жоқ...
almaty-akshamy.kz

*Қазақы пайым


Өткен аптада күннің шуағы мол болды. Оқта-текте ертелі-кеш соққан желді айтпасақ, апта жылы болды деуге толық негіз бар. Бірақ  аптаның соңғы күндері ауаның райы бұзылды. Аспан бұлттанып, күннің көзі бұлыңғыр тартты. Жауын-шашын орын алды, таңертеңгілік жер бетін қырау жапты. Мұның бәрі, әрине, ай тоғысының әсері еді. Ай күнтізбесі бойынша қарашаның басынан ай тола бастады. Тәжірибеден көріп жүргеніміздей, айдың басында (туғанда), ортасында (толғанда) және соңында ауа райында өзгеріс болады.


Қауіпті амалдардың бірі – «Қауыс» амалы. «Қарашада қауыс бар, кәрі-құртаңды тауысар» немесе «Қараша-қауыс, кәрі-құртаңды тауыс» деген амалға қатысты мақал-мәтелдердің өзі бұл сөзімізге дәлел болғандай.


Басқаша аталуы –  ақ қар. Осы кезде жауған қардың ақ, жеңіл, жұмсақ болатындығына байланысты аталса керек.


Күн шығыстан шығып, батыстан батады, жаңа ай батыстан туып, батыстан батады, мұның сыры неде? Бұл табиғаттың заңдылығы. Өйткені, күн мен ай қозғалмайды, жер оларды айналып жүреді. Әлемнің бұл сырын атам қазақ баяғыда-ақ біліп, көңіліне түйіп қойған. Қазіргі заманғы астрономия ғылымы мұны ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, нақтылады.



Бабаларымыз Жер шарын оңтүстік және солтүстік деп екіге бөліп, сол бойынша ауа райына болжам жасаған. Сол өлшем бойынша біз солтүстік жарты бетіне орналасқанбыз. Күн нұры осы жарты шардың  27-23 градустық ендігіне түскенде жаз маусымы басталады (маусым айының 21-22 күндері). Ал  жаз маусымы өткеннен кейін күн нұры біртіндеп жер шарының оңтүстік жарты бетіне қарай ауытқып, оңтүстік ендік 23–27 градусқа түседі де, солтүстік жарты шарда қыс болады (желтоқсанның 21-22 күні). Осыдан кейін күн нұры қайтадан жер шарының солтүстік жағына (бетіне) өтіп, қыс пен жаз екі жарты шарда осылайша қайталанып отырады. Бір жылда күн нұры екі рет экватор белдеуіне түседі, бұл кезде көктем, күз маусымдары келеді. Жыл бойы төрт маусым өзара ауысып тұрады. Маусымдардың ауысуы табиғат дүниесінің гүлденуі мен адамзат тіршілігі үшін өте маңызды әлемдік құбылыс.



Қолданыстағы күнтізбе бойынша, бүгін қарашаның  – 16-сы. Ай жүйесі бойынша, желтоқсанның  – 2-сі. Қазақша есепке сүйенсек, енді 13 күннен кейін қараша айы келеді. Апта айдың басын, ортасын қамтып тұр. Бұл көрініс алдағы аптада Алматыда айтарлықтай ауа райы өзгермейтінін білдірсе керек. Бірақ  жаңбыр жаумай қалмайды, аптаның соңғы күндері ол көрініс береді. Күн өткен аптаға қарағанда недәуір суытады. Тіпті, өзен, көлдерде  су қату процесі орын алады.


Алда «Үлкен қараша» амалы бар. Қыстың алғашқы хабаршысы іспетті өзімен бірге қар, дауыл, ызғар ала келетін қаһарлы амалдардың бірі...


 


БАБАЛАР БОЛЖАМЫ


Күн мен Айдың қозғалысына қарап  жасалған жорамал:


*Күн құлақтанып шықса, не боран, не аяздың белгісі.


*Күн құлақтанып батса, ауа райы жылы болады.


*Айдың екі ұшы сүйір, өңі ашық, шалқақ туса, онда сол ай жауын-шашынды, желді, борасынды болады.


*Бұрынғысынан үлкендеу көрінсе, сәулесі қызғылт болса, жауынның белгісі.


*Ай бұлыңғыр болса, жаңбыр жауатындығын, ашық болса, шуақты болатындығын білдіреді.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қараша #қауыс #тұмау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика